{metadescription}

Лента новостей

Лента новостей - АЭС құрылысы бойынша қандай мамандар әзірленеді – Министр жауабы

Лента новостей - АЭС құрылысы бойынша қандай мамандар әзірленеді – Министр жауабы

Выпуск от 08.01.2025

В этом выпуске:

Атом электр станциясын салу жобасы бойынша 2030 жылға қарай 5 мыңға жуық адам, 2032 жылы – құрылыстың шарықтау кезінде 10 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады.

Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтып берді. Ал АЭС-ті пайдалану кезеңінде кемінде 2000 азамат жұмысқа орналаса алады.

– АЭС құрылысын қолдау үшін отандық колледждер АЭС-қа арналған мамандықтарды дайындайтын болады (дозиметрист, газтурбина слесары, АЭС жабдықтарды жөндеу маманы, АЭС ақпарат технологиялар бойынша маманы және т.б.). Министрліктің бағыныстағы ұйымдары – Ұлттық ядролық орталығы мен Ядролық физика институты электртехника колледждерімен тығыз ынтымақтастықта және ядролық мамандықтар бойынша колледж студенттерінің өндірістік тәжірибе өткізу базасы болады, – деді А.Сәтқалиев Үкімет отырысында.

Осы жаңа жобалардан бөлек, 2025-2029 жылдары отын-энергетика кешенінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар қосымша 16 мыңға жуық жұмыскерді қажет етеді. Бүгінгі таңда жұмысшы мамандықтардың 43 кәсіби стандарты жаңартылды, жаңа мамандықтар мен біліктілік белгіленді.

– Биыл энергетика саласында жаңа мамандықтардың 4 кәсіби стандарты әзірленеді және атом өнеркәсібін қоса алғанда, 29 кәсіби стандарт жаңартылады. Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, 61 ЖОО мен 200 астам колледжді қамтитын отын-энергетика кешені саласының мамандарын даярлау жұмыстары атқарылып жатыр, - деді ол.

Энергетика үшін 40 жоғары оқу орны мен 215 колледж кадр дайындайды. Онда электр, жылу және жаңартылатын энергетика салаларының 7 мамандығы бойынша 19 мыңға жуық студент білім алып жатыр.

– Жаңа электр энергиясын өндіру нысандарының салынуын, тұтынудың белсенді өсуін және экономикалық дамуын ескере отырып, 2030 жылға қарай тек энергетика саласында 20 мыңнан астам мамандарға қажеттілік болады, – деді министр.

Дереккөз: kazinform

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Вчера

Сейчас в эфире
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.