{metadescription}

Лента новостей

Лента новостей - Сенат халықаралық банкке қатысты екі құжатты мақұлдады

Лента новостей - Сенат халықаралық банкке қатысты екі құжатты мақұлдады

Выпуск от 09.01.2025

В этом выпуске:

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Еуропа қайта құру және даму банкіне қатысты екі құжатты мақұлдады.

Біріншісі — «Еуропа қайта құру және даму банкін құру туралы келісімнің 1-бабына банк операцияларын географиялық қамтуды Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан Африка елдері мен Иракқа шектеулі түрде және біртіндеп қолдануды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін түзетулерді ратификациялау туралы» Заңы.

Заңның мақсаты — Банкке мүше мемлекеттердің, сондай-ақ экономикалық саладағы алушы елдердің халықаралық ынтымақтастығын кеңейту.

Сенатор Сергей Карплюктің айтуынша, Еуропа қайта құру және даму банкіне 72 ел мен 2 ұйым мүше ретінде тіркелген.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитеті мәліметіне қарағанда, құжат аясында Банк қызметін жаңа елдерге тарату ескерілген. Бұл өз кезегінде Банктің қазіргі елдерін қолдау қабілетін төмендетпейді, сондай-ақ оның ААА деңгейіндегі кредиттік рейтингіне қауіп төндірмейді.

— Қазақстан үшін Африканы банк операциялары аймағына қосу миллиардтаған халқы бар елдердің жобаларымен байланыс орнатуда және инвестицияларды жүзеге асыруда жаңа мүмкіндіктер ашады, — делінген комитет ақпаратында.

Сонымен қатар сенаторлар «Еуропа қайта құру және даму банкін құру туралы келісімнің 12-бабының 1-тармағына жай операцияларға жарғылық капиталды шектеудің күшін жою мақсатындағы түзетулерді ратификациялау туралы» Заңын мақұлдады.

Заңның мақсаты — Еуропалық қайта құру және даму банкінің кредитке қатысты қызметін тиімді жоспарлау.

— Заңның міндеті — ЕҚҚДБ-ның Басқарушылар Кеңесінен Директорлар кеңесіне Банк капиталының жеткіліктілігі нормативтерінің тиісті деңгейін белгілеу жөніндегі өкілеттіктерді беру. Бұл тұрғыда жай операцияларға жарғылық шектеулерді алып тастау және Директорлар кеңесіне капиталдың жеткіліктілігі нормативтерінің тиісті деңгейлерін белгілеу мүмкіндігін беру Банктің жедел шешім қабылдауына және өзінің кредиттік қызметін жоспарлауына мүмкіндік береді. Екіншіден, Директорлар кеңесі деңгейінде капиталдың жеткіліктілігі нормативтерін реттеу Банк капиталын пайдаланудың тиімділігі мен икемділігін арттырады. Үшіншіден, қаралып отырған түзетулерді қабылдау Банктің Қазақстанның экономикалық маңызы бар жобалары үшін қаржыландыру мәселелерін жедел шешуіне мүмкіндік береді, — деп аталып өткен Сенаттың Қаржы және бюджет комитеті мәліметінде.

Дереккөз: kazinform

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Сейчас в эфире