{metadescription}

Лента новостей

Лента новостей - Мектеп оқушысы вейп шеккеннен кейін қайтыс болды

Лента новостей - Мектеп оқушысы вейп шеккеннен кейін қайтыс болды

Выпуск от 10.01.2025

В этом выпуске:

Ресейдің Улан-Уде қаласында 17 жастағы мектеп оқушысы вейп шеккеннен кейін қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, мектеп оқушысы үйіндегі жуынатын бөлменің есігін жауып алып, ұзақ уақыт бойы шықпаған. Оның жағдайына алаңдаған туыстары есікті бұзып, еденде ес-түссіз жатқан қызды тапқан. Оның жанында телефон мен вейп болғаны айтылды.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жасөспірімнің бөлмесінен темекі шегуге арналған тағы екі электрон құрылғы мен таяқшалары бар Iqos тапты. Барлық табылған заттар, сондай-ақ қыз қайтыс болғанға дейін тұтынатын өнімдер зерттеу үшін тәркіленді. Оқушының қайтыс болу себебі сот-медициналық сараптама жүргізілгеннен кейін анықталады.

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Сейчас в эфире
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.