{metadescription}

Лента новостей

Лента новостей - БҚО мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының басшысы ауысты

Лента новостей - БҚО мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының басшысы ауысты

Выпуск от 22.01.2025

В этом выпуске:

Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының басшысы лауазымына Әділжан Исатайұлы Ғұбашев ротация тәртібімен тағайындалды.

БҚО әкімдігінен мәлім еткеніндей, Әділжан Ғұбашев 1975 жылы Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында дүниеге келген. 

Білімі жоғары. Қазақ ұлттық университетін автоматика және техникалық жүйелерді басқару, Каспий қоғамдық университетін заңтану, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін есеп және аудит мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Әр жылдары Қазақстан Республикасының кеден органдарында жұмыс істеп, Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік-құқықтық жұмыстар секторының меңгерушісі, осы бөлім басшысының орынбасары болды.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік сатып алу басқармасы әлеуметтік нысандарды дамыту бөлімінің басшысы, БҚО мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет еткен.

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Вчера

31 января

Сейчас в эфире