Лента новостей
Лента новостей - Батыс Қазақстанда 300-ден астам адам туберкулезге шалдықты
Выпуск от 23.01.2025
В этом выпуске:
Батыс Қазақстан облысында өткен жылы туберкулездің белсенді түрімен ауырған 302 науқас тіркелді.
БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың Kazinform тілшісіне мәлім еткеніндей, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда, 1,6 пайызға төмендеген.
Оның сөзіне қарағанда, 15-17 жас аралығындағы 13 жасөспірім осы жұқпалы дертпен ауырған, бұл 2023 жылғыдан 26,8 пайызға аз.
- Туберкулез – өкпе мен лимфа түйіндерінде ерекше қабыну өзгерістерінің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Ол негізінен өкпені зақымдайды, бірақ сүйек, бүйрек, ми мен ми қабықтарының, тері, көз және басқа мүшелердің туберкулезі болуы мүмкін. Туберкулез инфекциясының негізгі көзі – туберкулездің ашық түрімен ауыратын науқас және дерт, әсіресе, қақырық арқылы жұғады, - дейді Н.Мұстаев.
Департамент басшысы орынбасарының айтуынша, аурудың негізгі белгілері: екі апта бойы жөтел, жалпы әлсіздік және шаршағыштық, қызудың ұзаққа созылуы, кеудедегі ауырсыну, түнде тершеңдік, тәбеттің төмендеуі, арықтау, қан кету. Бұл белгілер басқа ауруларда да болуы мүмкін. Мұндай белгілердің себебін тек дәрігер анықтай алады.
- Жұқпалы туберкулезбен ауыратын науқастарда жөтел негізгі симптом болып табылады. Дерттен сақтану үшін алдын алу шараларын ұмытпау қажет. Ең алдымен жаңа туылған нәрестелерге туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинациясы (анасы босанғаннан кейін 2-4 тәулікте перзентханада) жасалады. Жылына бір рет флюорографиялық тексеруден өту және балаларды Манту реакциясына тексеру керек. Сондай-ақ жеке бас гигиенасы ережелерін сақтап, салауатты өмір салтын ұстанған абзал, - деді Н.Мұстаев.
Дереккөз: kazinform
Популярное
Последние выпуски
Жасөспірім аппараттан энергетикалық сусын сатып алса, жауапкершілік кімге жүктеледі
Елімізде 21 жасқа толмаған жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынды. Жаңа тыйымның мән-жайын заңгер Аржан ...
Халықаралық іздеудегі 11 қылмыскер Қазақстаннан тыс жерлерде ұсталды
ІІМ іздеуде жүрген қылмыскерлерді елден тыс жерде ұстауды жалғастыруда, деп хабарлайды Polisia.kz ІІМ ТМД елдерінің құқық ...
День тазы и тобета: в Казахстане появился новый праздник
3 сентября в Казахстане станет Днем казахских пород собак – тазы и тобет. Такое постановление вынесло Министерство экологии и природных ...
На горнолыжной базе «Каракол» в Кыргызстане рухнула опора канатной дороги
Днем 1 февраля на территории базы, расположенной в Каракольском ущелье, один из столбов канатной дороги ...
Кәсіпқой бокс: «Қазақ жауынгері» Азия чемпионы атанды
Кәсіпқой бокста «Қазақ жауынгері» лақап атымен өнер көрсетіп жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Елшат Нығметолла (20-0-1, ...
Глава государства поздравил работников печатных СМИ
Акорда опубликовала поздравление Касым-Жомарта Токаева по случаю Национального дня печати. «Уважаемые работники печатных СМИ! Поздравляю вас с ...
Пранкеров задержали в Астане
Они,прикрываясь «шуткой» грубо нарушили общественный порядок, сообщает polisia.kz. В лифтах жилых домов они инсценировали конфликт, сопровождавшийся ...
Қазақстан бойынша бұрқасын соғып, жел күшейеді – Қазгидромет
«Қазгидромет» РМК-сы ақпанның 2-сі күнгі күн райы болжамын жариялады. Атмосфералық ағындардың өтуіне орай елдің көп бөлігінде ...
В Атырау полицейские спасли 19-летнего юношу от трагического шага
В Атырау сотрудники полиции предотвратили трагедию, спасая 19-летнего парня, который пытался спрыгнуть с крыши многоэтажного ...