Лента новостей
Лента новостей - Павлодарда қатты жел салдарынан ауыл мектебі түгі қалмай жанып кетті
Выпуск от 23.01.2025
В этом выпуске:
Ертіс ауданының Бұланбай ауылындағы негізгі мектеп өртеніп кетті. Оқыс оқиғадан педагогтар мен оқушылар зардап шекпеген.
Бүгін таңертең төтенше жағдай қызметінің пультіне Ертіс ауданы Бұланбай ауылында орналасқан негізгі мектеп ғимаратында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Тілсіз жау білім ұясына бейімделген бөлек тұрған бір қабатты ғимаратта тұтанған. Бұл нысан 2010 жылы салынған. Алдын ала болжам бойынша өртке электр сымдарындағы қысқа тұйықталу себеп болған.
— Қатты желден ғимарат жанында тұрған электр бағанасында қысқа тұйықталу болған. Өрт содан пайда болуы мүмкін. Өрт шалған аумақ 153 шаршы метрді құрайды. Жанып кеткен мектепті қарап шықтық, ғимаратты қайта қалпына келтіру мүмкін емес. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, — деп хабарлады Павлодар облысы білім беру басқармасынан.
Аталған мектепте 20 оқушы оқып келген. Оқиға орнында Ертіс ауданының әкімі мен өңірлік білім беру басқармасының басшысы болып, Бұланбай ауылы тұрғындарымен жиын өткізген. Онда оқу үдерісін әрі қарай ұйымдастыру мәселесі талқыланған. Ауыл тұрғындарының сұрауы бойынша балалар әзірше шағын орталыққа орналастырылады.
Өңірлік төтенше жағдайлар департаменті өрттің шығу себептері әлі де анықталып жатқанын мәлімдеді. Олардың есебінше, өрттің аумағы 130 шаршы метрді құраған.
Дереккөз: kazinform
Популярное
Последние выпуски
Житель Абайской области оформил кредит на 1,5 млн тенге с банковского приложения знакомого
25-летний житель области сказал своему знакомому, что у него нет сети на мобильном телефоне и ...
Алматыда есірткі жарнамалаған тұрғын сотталды
Алматыда есірткі жарнамалаған тұрғын 3 жылға сотталды. Қала прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда есірткі құралдарын ...
Вымогатели из Степногорска задержаны полицией
В городе Степногорске Акмолинской области пресечена преступная деятельность двух вымогателей, сообщает Polisia.kz. Оперативники управления по борьбе ...
В ряде регионов Казахстана введено ограничение движения на трассах
В связи с ухудшением погодных условий в ряде регионов Казахстана введено ограничение движения на нескольких ...
Мүгедектерді зорлағандар өмір бойына сотталады
Қырғызстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты сексуалды қылмыс жазасы күшейтілді, деп хабарлайды Kazinform. Ел парламенті жасы алпысқа ...
В Астане учащихся школ и 1-2 курсов колледжей отправили на удаленку
Об этом сообщает официальный сайт акимата Астаны. «В связи с ухудшением погодных условий 24 января 2025 ...
В спецЦОНе Шымкента выдан первый государственный номер на мопед
Первым обладателем номера стал житель Шымкента Жанат Жалиулы. Мужчина получил официальный номерной знак 82 ВЕ ...
Президент назначил послов в Греции и на Кипре
Об этом сообщает Акорда. «Указами главы государства: Султангожин Тимур Шамильевич назначен чрезвычайным и полномочным послом Республики Казахстан ...
Казахстан вводит временный запрет на вывоз лома и отходов черных и цветных металлов
Министерство индустрии и инфраструктурного развития опубликовало соответствующий проект приказа. Временный запрет на вывоз медного, алюминиевого и ...