Лента новостей
Лента новостей - Қызылорда облысында күйеуі отқа күйген әйеліне денедегі терісінен кесіп берген
Выпуск от 26.01.2025
В этом выпуске:
Қызылорда облысында күйеуі отқа күйіп қалған әйеліне денедегі терісінен беріп, оны өлім ауызынан аман алып қалды.
Оқиға 1989 жылы Жаңақорған ауданына қарасты Қыркеңсе елді мекенінде болған. Сол уақытта 20 жастағы Қаламқас Мантаева байқаусызда жанып жатқан отқа күйіп қалады. Дәрігерлер күйеуіне әйелінің денесінің жартысына жуығы жарақат алғанын жеткізеді. Күйіктің орнын кетіру үшін басқа адамның денесінің терісі қажет екенін айтады.
- Бұл сәтте еш ойланбастан әйеліме көмек қолын созуға шешім қабылдадым. Әйелім оқыс оқиға болған уақытта үстіне синтетика көйлек киіп алған екен. Көйлектің шетіне от тиіп, ол лаулап жанбай денесінің әр жерін жарақаттаған. Денеге жабысып қалған. Дәрігерлердің салғырттығынан көйлекті алмастан үстінен дәріне жаға берген. Салдарынан әйелімнің жарақаты одан сайын асқынып, терісіне қатты зақым келді. Ауруханада тоғыз ай емделді. Соның алты айында төсекте жатты. Қиын сәтте қасынан ұзаған жоқпын. Қажет болғаннан кейін екі аяғымнан тері бердім. Сол арқылы әйелімнің денесінің күйіп қалған жерлері қайтадан қалпына келе бастады. Он-он бес күнде терісі жазылды. Одан бұрын екеуіміз бірнеше жыл бойы балалы бола алмай жүрген едік. Тілегіміз қабыл болып, одан кейін екі ұл, үш қыз дүниеге келді. Осылайша қазір ұрпағымыз көбейіп, солардың қызығын көріп отырған жайымыз бар. Кейіннен әйелімді емдеген аурухана дәрігерлеріне тағы бәр мәрте қаралған едік. Олар біздің біздің балалы болғанымызға таңғалды, - деді Марат Мантаев.
Қазір Марат Мантаев ауылда кәсіпкерлікпен айналысады. Өз қаржысына ауылдан спорт кешенін салып берді. Оған қоса жергілікті тұрғындардың балаларына арналған балабақша ашты. Балабақшаға әйелі басшылық жасайды. Балалары қоғамның түрлі саласында мамандықтарына сай қызмет атқарып келеді.
Дереккөз: kazinform
Популярное
Последние выпуски
В Алматы задержаны серийные домушники
В Алатауском районе города полиция задержала двух мужчин, подозреваемых в серии квартирных краж. Как сообщает Polisia.kz, ...
Казахстан и Турция подписали план военного сотрудничества на 2025 год
Документ был подписан по итогам штабных переговоров, сообщает пресс-служба Министерства обороны Казахстана. «Представители оборонных ведомств Казахстана ...
Бывший сотрудник больницы похитил кислородные баллоны и рентген-аппаратуру
Акмолинские полицейские раскрыли хищение дорогостоящего медицинского оборудования и напомнили о мерах безопасности, сообщает Polisia.kz. 26 декабря ...
Серьезное ДТП в Алматы: пострадали три человека
В ночь с 26 на 27 января в городе произошло крупное дорожно-транспортное происшествие, которое шокировало пользователей ...
Алматыда үш көлік соқтығысты: зардап шеккендер бар
Райымбек даңғылында түнде үш көлік соқтығысып, салдарынан үш адам зардап шекті. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Алматы ...
Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы келді
Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметіне Мейрамбек Махамбетов тағайындалды. Ол осы қызметке екінші ...
Подростковая беременность в Казахстане снизилась на 10,2% в 2024 году
Об этом сообщает пресс-служба Министерства здравоохранения РК. Среди девушек в возрасте 15-17 лет показатель беременностей и ...
"Дикий Арман" мен бұрынғы ҰҚК қызметкері Қаңтар оқиғасы бойынша сотталды
2025 жылдың 27 қаңтарында Алматыда қаңтар оқиғасына қатысты Қазақстан тарихындағы ең атышулы істердің бірі бойынша ...
Дикого Армана приговорили к 20 годам за беспорядки во время Кантара
В СМУС Алматы был вынесен обвинительный приговор по делу о январских событиях. 27 января 2025 года ...