{metadescription}

Лента новостей

Лента новостей - Елімізде жасөспірімдердің жүктілігі 10,2% төмендеді

Лента новостей - Елімізде жасөспірімдердің жүктілігі 10,2% төмендеді

Выпуск от 27.01.2025

В этом выпуске:

Бұл ретте ерте жыныстық қатынасқа түскен қыздардың арасында түсік саны 13,4%-ға азайды, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.

— Өткен жылы 15-17 жас аралығындағы жасөспірім қыздардың арасында жүктілік және босану жағдайларының саны 2023 жылмен салыстырғанда 10,2%-ға (1000 тұрғынға шаққанда 3,9-ға қарсы 3,5) және 8,2%-ға (1000 тұрғынға шаққанда 3,14-ке қарсы 2,88) төмендеді. Сондай-ақ, ерте жыныстық қатынасқа түскен қыздардың арасында аборттардың саны 13,4%-ға азайды. Бүгінгі фертилдік жастағы балалар мен жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығының жағдайды кейінгі 10-15 жыл ішіндегі демографиялық процестерге тікелей әсер етеді, — деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі. 

Жасөспірімдердің жүктілігі сезімтал әлеуметтік маңызды көрсеткіштерге жатады, өйткені ерте жүкті болған қыздар білім алу мүмкіндігін жоғалтады, әлеуметтік проблемаларға тап болады, олардың мінез-құлқында суицидтік үрдістер мен психологиялық бұзылулар артады. Қазіргі жағдайда жасөспірім қыздардың репродуктивтік денсаулығының жағдайы жыныстық өмірдің ерте басталуына байланысты, жасөспірімдердің арасындағы жыныстық дебют 16,5 жасты құрайды.

БҰҰ-ның тұрғын халық саласындағы қорының (ЮНФПА) зерттеуіне сәйкес контрацепцияның қазіргі заманғы құралдарын жалпы ел бойынша да, өңірлер бойынша да пайдаланатын жасөспірімдердің үлесі ең жоғары мәндерімен 20%-дан аспайды.

Салауатты өмір салты, репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау, оның ішінде ерте жыныстық өмірдің алдын алу, отбасын жоспарлау, контрацептивтерді қолдану, қаламаған жүктіліктің алдын алу мәселелері бойынша мамандардың консультацияларын әр өңірде жұмыс істейтін жастар денсаулық орталықтарынан алуға болады.

Дереккөз: kazinform

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Вчера

Сейчас в эфире