{metadescription}

Лента новостей

Лента новостей - Жетісу облысында көші-қон заңын бұзу фактілері жиілеген

Лента новостей - Жетісу облысында көші-қон заңын бұзу фактілері жиілеген

Выпуск от 30.01.2025

В этом выпуске:

Өткен жылы Жетісу облысында шетелдіктерге қатысты 3 қылмыстық іс тіркелді. 2 жағдай мемлекеттік шекараны рұқсатсыз қасақана кесіп өту, 1 жағдай заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысты.

Облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының хабарлауынша, өңірде көші-қон заңын бұзу фактілері жиілеген. Былтыр заңды бұзған 6282 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның 2594-і шетелдік. Арасында тіркеусіз және жеке басты куәландыратын құжатсыз жүргендер, тыйым салынған орындарға барғандар бар. Жетісу облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының мамандары құқық бұзушылық жасаған 148 шетелдіктің елден шығарылғанын мәлімдеді.

- 2024 жылдың 12 айында Жетісу облысының аумағына «eQonaq» ақпараттық жүйесі арқылы 27 815 шетелдік тіркелді. Қазақстан Республикасының Көші – қон заңнамасын бұзғаны үшін жалпы сомасы 36 396 660 теңгеге айыппұл салынып, 100% өндірілді,- деді облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ерлан Райымбеков.
Жалпы, өңірде 26 кәсіпорын мен бірнеше компанияда 200-ден аса шетел азаматы жұмыс істейді.

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Вчера

Сейчас в эфире
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.