{metadescription}

Лента новостей

Лента новостей - Туберкулездің ең ірі індеті тіркелді

Лента новостей - Туберкулездің ең ірі індеті тіркелді

Выпуск от 30.01.2025

В этом выпуске:

Канзас штатында АҚШ тарихындағы ең ірі туберкулез ошақтарының бірі тіркелді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Канзас штаты денсаулық және қоршаған орта департаментінің (KDHE) мәліметінше, 24 қаңтардағы жағдай бойынша туберкулездің белсенді формасының 67 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде Уайндотт округінде ауруға шалдығудың 60 және Джонсон округінде жеті жағдайы расталған, деп хабарлайды ABC News.

Сонымен қатар, жасырын туберкулездің 79 жағдайы (Уайандот округінде 77 және Джонсон округінде 2) расталды.

Туберкулездің алғашқы ошағы 2024 жылдың қаңтарында тіркелді. Өткен жылы аурудан екі адам қайтыс болды.

Канзас штатының денсаулық сақтау органдарының өкілдері жақын маңдағы округтер мен жалпы халыққа қауіп «өте төмен» дейді. Уайындотт округі Канзас-Ситидің бір бөлігін қамтиды, ал Джонсон округі Канзас-Ситидің оңтүстік-батысында орналасқан.

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Сейчас в эфире