Лента новостей
Лента новостей - Қазақстан ирандық компаниямен бірге Парсы шығанағында жүк терминалын ашады
Выпуск от 03.02.2025
В этом выпуске:
Иранның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Али Акбар Джоукар Иран Ислам революциясының 46 жылдығына орай БАҚ өкілдерімен кездесті. Іс-шара барысында Парсы шығанағында Қазақстанның жүк терминалын ашу жобасы қай сатыда тұрғаны айтылды.
Терминал Қазақстанға не береді?
- Қазіргі жағдайда ирандық жеке компанияның қатысуымен өзіңіз айтып отырған жер телімін Қазақстан тарабымен бірлесіп игеру жобасы пысықталып жатыр. Яғни, бастапқы келісімдер бар. Биыл жүзеге асуы мүмкін.
Бұл жоспар жүзеге асса, Қазақстанға барлық жағынан тиімді болар еді. Бендер-Аббастағы өкілдігі арқылы Иранның оңтүстігіндегі порттарға қол жеткізеді. Сол арқылы Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне, Африка елдерінің, Үндістан мен Парсы шығанағындағы елдердің нарығына шыға алады. Бұл Қазақстан үшін теңіз жолдарына еркін шығатын бірден бір жол болады, - дейді Али Акбар Джоукар.
Бастама қайдан шықты?
Айта кету керек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы Иранға сапары кезінде Парсы шығанағындағы Бендер-Аббас портында Қазақстанның терминалын салу үшін 15 гектар жер телімін бөлуге келіскен.
Иран елшісі 2023 жылы берген агенттікке берген сұхбатында Қазақстан тарабынан осы терминалды қашан іске қосып, пайдалана бастайтыны туралы әлі жауап ала алмай отырғандарын айтқан.
- Екі ел басшыларының саяси жігері мен тапсырмаларын тиісті деңгейде орындай алмай отырмыз дедім ғой. Соның бір фактісі осы терминал деуге болады. Бүгінге дейін Қазақстанның мемлекеттік органдары да, квазимемлекеттік органдары да Президенттеріңіздің осы тапсырмасына байланысты тиісті шешім қабылдаған жоқ, - деген болатын дипломат.
Популярное
Последние выпуски
Шесть человек погибли и четыре пострадали в ДТП в Туркестанской области
Об этом сообщает пресс-служба департамента полиции региона. «3 февраля текущего года в Туркестанской области на 5-м км ...
Движение ограничили в Акмолинской и Павлодарской областях
Оперативная информация об ограничении движения предоставлена «КазАвтоЖолом». 3 февраля в 20:30 в связи с ухудшением погодных ...
Нацбанк продаст до 650 миллионов долларов из Нацфонда
Национальный банк Казахстана планирует продать от 550 до 650 миллионов долларов из Национального фонда в ...
Суд над Алмасом Кишкенбаевым перенесли
В Алматы суд над певцом Алмасом Кишкенбаевым, ставшим популярным после победы в SuperStar KZ, перенесли ...
Алматы облысында әскери техниканы тасымалдау ережелерін бұзған жүргізушіге айыппұл салынды
Қонаев қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі бойынша М. қатысты ...
Цены на тепло изменятся в Рудном
Тариф на теплоснабжение в Рудном остается самым низким в Костанайской области. Ситуация изменится с 1 ...
Движение для всех видов транспорта ограничили в двух областях
О введении ограничения движения в Алматинской области и Жамбылской областях сообщает «КазАвтоЖол». 3 февраля в 18:00, ...
Алматы әуежайы ауыр халде келген жолаушыға неге жедел жәрдем қызметін жібермеді
Алматы халықаралық әуежайы Делиден ауыр халде келген жолаушыға қатысты түсініктеме берді, деп жазады kazinform. 12 қаңтар ...
Павлодарец инсценировал угон своего авто
В ходе расследования грабежа автомобиля следствие выяснило, что павлодарец сам создал преступление, чтобы скрыть обман, ...