Лента новостей
Лента новостей - Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен келіссөз жүргізді
Выпуск от 06.02.2025
В этом выпуске:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен келіссөз жүргізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Ираклий Кобахидзеге ілтипат білдіріп, оны Грузия Премьер-министрі лауазымына қайта тағайындалуымен құттықтады және грузин халқының өркендеуі жолындағы жауапты қызметіне сәттілік тіледі.
Президент кейінгі жылдары Грузияның қарышты дамып, жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесінде экономикалық өсімнің 9,4 пайызды құрағанын атап өтті.
Тоқаев қазақ-грузин қарым-қатынастарының қарқынын жоғары бағалады. Президенттің айтуынша, Грузия Қазақстанның Кавказ аймағындағы сенімді серіктесі және екі елді өзара достық пен тығыз тарихи тамырластық байланыстырады.
– Қазақстан мен Грузия түрлі деңгейде, атап айтқанда, парламенттер, үкіметтік және мемлекеттік органдар арасында тиімді ынтымақтастық орнатқан, - деді Мемлекет басшысы.
Грузия Премьер-министрі қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, қызметке кіріскеннен кейінгі алғашқы шетелдік сапарларының бірін Қазақстанға арнағанын жеткізді.
Ираклий Кобахидзенің айтуынша, Грузия Қазақстанмен көпжоспарлы ықпалдастықты нығайтуға баса мән береді.
– Біз үшін саяси және экономикалық ынтымақтастықты арттыру аса маңызды. Түрлі форматта, оның ішінде көпжақты алаңдарда Қазақстанның мүддесін белсенді қорғауға дайынбыз, - деді ол.
Премьер-министр Қазақстан Президентін Грузияға сапармен келуге шақырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша өтетін жүк тасымалы көлемін арттыруға және транзит дәлізінің инфрақұрылымын жаңғыртуға ерекше назар аударды.
Кездесуде сауда, энергетика, инвестиция, туризм, жасанды интеллект және цифрландыру секілді көптеген бағыттағы екіжақты байланыстарды кеңейту перспективасы қарастырылды. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібі мен өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланды.
Популярное
Последние выпуски
Легкомоторный самолет разбился недалеко от подмосковного аэропорта
Пресс-служба МЧС РФ заявила о падении легкомоторного самолета в нескольких километрах от подмосковного аэропорта Мячково. ...
Заведения, где чаще всего совершаются преступления, определили в Алматы
В одном из районов Алматы полиция определила заведения с наибольшим количеством правонарушений и обсудила с ...
В ВКО полицейские поощрили водителей, не нарушавших ПДД в 2024 году
Об этом сообщает Polisia.kz. В Восточно-Казахстанской области сотрудники полиции провели акцию, в рамках которой поощрили автомобилистов, ...
Водителя, у которого за рулем случился инсульт, спасли полицейские в Акмолинской области
Об этом сообщает Polisia.kz. Во время патрулирования на трассе Степногорск – Заводской сотрудники взвода патрульной полиции ...
Житель Актау снял однокомнатную квартиру для бездомной кошки
Кошка Мария, она же Маня, которая раньше была бездомной и жила в подъезде одного из ...
Пересмотреть нормы питания в школьных столовых намерены в Казахстане
Вице-министр просвещения Едил Оспан сообщил об изменениях в школьном питании, сообщает Tengrinews.kz. «Мы пересмотрели нормы питания в ...
Глава Минпросвещения заявил о нехватке знаний у казахстанских школьных учителей
Министр просвещения Гани Бейсембаев поручил кардинально пересмотреть программы курсов повышения квалификации педагогов в Казахстане, сообщает ...
Наркопосылку из-за рубежа перехватили полицейские в Алматы
Об этом сообщает Polisia.kz. Преступная бандероль выявлена усилиями сотрудников полиции, департамента государственных доходов и службы безопасности ...
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен келіссөз жүргізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен келіссөз жүргізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет ...