Лента новостей
Лента новостей - Қазақстанның батысында есірткі жеткізу арналары жойылды
Выпуск от 07.02.2025
В этом выпуске:
БҚО полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы облыс прокуратурасының үйлестіруімен Батыс Қазақстан және Ақтөбе өңірлеріне есірткі жеткізу арналарын жойды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жедел іздестіру іс-шаралары барысында Ақтөбе қаласында Toyota автокөлігі тоқтатылды.
Автокөлік ішіндегі такси жолаушысын тінту кезінде ерекше иісі бар, жасыл түсті өсімдік зат салынған сөмке табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес бұл зат салмағы 10 кг шамасында кептірілген марихуана болып шықты. Қолға түскен Қызылорда қаласының 35 жастағы тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
— Сондай-ақ Ақтөбе қаласында жедел іздестіру іс-шаралары барысында Орал қаласының 30 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол синтетикалық есірткілердің облысаралық жеткізілуін ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Полиция қызметкерлері күдіктіні есірткі жасырып жатқан кезде ұстады. Оны жеке тінту кезінде әрқайсысында 25 шағын түйіншегі бар екі ірі орама табылды.
Оқиға орнын тексеру кезінде полиция қызметкерлері үш үлкен орама тауып, оның ішінен 60 түйіншек шықты, олардың барлығы ерекше иісі бар ұнтақ затпен толтырылған. Күдіктінің Ақтөбе қаласында жалға алынған пәтерін тексеру кезінде ішінде есірткі заты бар 22 зип-пакет және есірткі орау үшін қолданылатын зип-пакеттер, фольга және изолента табылды.
Барлығы есірткі заты бар 132 түйіншек тәркіленді, бұл қылмыстық әрекеттің ауқымды екенін растайды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, — деп хабарлады ведомстводан.
Популярное
Последние выпуски
Ұялы байланыс операторларының тарифті негізсіз көтеру әрекеттері қаралып жатыр
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ұялы байланыс операторларының тарифті жөн-жосықсыз көтеруіне қатысты пікір білдірді, деп ...
Пропавшую 12-летнюю девочку нашли полицейские в Карагандинской области
В Карагандинской области сотрудники полиции разыскали 12-летнюю девочку, пропавшую вечером 5 февраля. Обеспокоенная жительница Михайловского ...
Қазақстанның ІІМ мектеп оқушыларының ата-аналарына "құлпынай квик" кәмпиттеріне байланысты үндеу жасады
Қазақстанда мектеп оқушыларының ата-аналары құрамында есірткі бар делінетін құлпынай квик кәмпиттері туралы ақпаратқа алаңдаулы. Осыған байланысты ...
8 нарколабораторий за месяц ликвидировали полицейские в СКО
В департаменте полиции Северо-Казахстанской области подвели итоги работы по противодействию незаконному обороту наркотиков за январь ...
СҚО-да полицейлер бір айдың ішінде 8 есірткі зертханасын жойды
Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде есірткімен күрестің қаңтар айындағы нәтижелері туралы хабарлады. ПД бастығының орынбасары Асқар ...
Из Тбилиси в Казахстан экстрадировали подозреваемого в мошенничестве на 30 млн тенге
Из Грузии в Казахстан экстрадирован гражданин РК, подозреваемый в мошенничестве на сумму более 30 млн ...
В Северо-Казахстанской области выявлена схема хищения государственных субсидий
Агентство по финансовому мониторингу (АФМ) сообщает о задержании руководителя сельскохозяйственного производственного кооператива, подозреваемого в незаконном ...
В селе Коксай Кербулакского района построят новую школу на 60 мест
В селе Коксай Кербулакского района Жетысуской области начнется строительство новой школы на 60 мест. Проект реализуется ...
Басқа елдерге үлгі — ДДСҰ Қазақстанда жастарға энергетик сатуға тыйым салу туралы
Қазақстан 21 жасқа толмаған адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салып, олардың денсаулығын қорғау үшін батыл ...