{metadescription}

Лента новостей

Лента новостей - Басқа елдерге үлгі — ДДСҰ Қазақстанда жастарға энергетик сатуға тыйым салу туралы

Лента новостей - Басқа елдерге үлгі — ДДСҰ Қазақстанда жастарға энергетик сатуға тыйым салу туралы

Выпуск от 07.02.2025

В этом выпуске:

Қазақстан 21 жасқа толмаған адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салып, олардың денсаулығын қорғау үшін батыл қадам жасады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мәлім етті.

2025 жылдың қаңтарында күшіне енген жаңа заң балалар мен жасөспірімдер арасында қант қосылған сусындарды тұтынуды азайтуға бағытталған.

Ұйымның баспасөз қызметі атап өткендей, бұл оларды болашақта семіздік, қант диабеті, жүрек-қантамыр аурулары, сондай-ақ стоматологиялық аурулар сияқты көптеген жұқпалы емес дерттен сақтайды.

— Жаңа заң — ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес жастар арасында қант тұтынуды азайтуға және халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған көптен күткен қадам. Энергетикалық сусындарға қолжетімділікті шектей отырып, Қазақстан денсаулықты бірден бірнеше деңгейде жақсартады. Ең әуелі ұзақ мерзімді асқынулармен байланысты балалар мен жасөспірімдер семіздігімен күреседі. Сонымен қатар жұқпалы емес аурулардың, атап айтқанда қант диабетінен жүрек-қантамыр ауруларына дейінгі дерттеріне шалдығу қатерін төмендетеді, — деп атап өтті ДДСҰ-ның Қазақстандағы өкілі дәрігер Скендер Сыла.

ДДСҰ/Еуропа тамақтану, дене белсенділігі және семіздік мәселелері жөніндегі өңірлік кеңесшісі дәрігер Кремлин Викрамасингхе Қазақстанның энергетикалық сусындардың зияндылығымен күресте қолға алған шешуші шаралары басқа елдер үшін үлгі болатынын атап өтті.

— Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтауда энергетикалық сусындар мен құрамында қанты бар сусындарға қатысты мәселесін шешуге деген ұмтылысы — ДДСҰ Еуропалық аймағының басқа елдері үшін үлгі. Қазақстан берік саяси ерік-жігердің, саясатты нақты деректер негізінде  әзірлеудің және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығының арқасында денсаулық сақтау саласында айтарлықтай прогреске қол жеткізуге болатынын көрсетті, — деді ол.

ДДСҰ атап өткендей, Қазақстан осындай батыл іс-әрекетке көше отырып, қоғамдық денсаулық коммерциялық мүдделерден маңыздырақ екенін айғақтап отыр. Сондай-ақ жан-жақты ойластырылған саясаты мен бірлескен күш-жігерінің арқасында дені сау болашаққа әбден қол жеткізуге болатынын анық көрсетеді.

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Вчера

Сейчас в эфире