Лента новостей
Лента новостей - Ұялы байланыс операторларының тарифті негізсіз көтеру әрекеттері қаралып жатыр
Выпуск от 07.02.2025
В этом выпуске:
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ұялы байланыс операторларының тарифті жөн-жосықсыз көтеруіне қатысты пікір білдірді, деп жазады kazinform.
- Қазір агенттік ұялы байланыс операторларының 2024 жылы және 2025 жылдың басынан бастап бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуынан бағаның өсуіне әкелетін іс-әрекеттерді қарап жатыр. Агенттік операторлардың тариф бағасын негізсіз көтеру фактілерін анықтаған кезде тергеу рәсімі тағайындалады. Осы орайда, тарифтерді көтерудің негізі тек тергеу шеңберінде тексерілуі мүмкін. Тергеу - бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуды растайтын немесе жоққа шығаратын нақты деректерді жинауға бағытталған монополияға қарсы органның іс-шарасы, - делінген ресми сауал жауабында.
Сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Кселл» АҚ, (Activ), «Мобайл Телеком–Сервис» ЖШС (Теле2/Алтел) және «Кар-Тел» ЖШС-не (Beeline) қатысты бұған дейін басталған тариф бағасын бір мезгілде көтеру, яғни бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимыл белгілері бойынша тергеу амалдары аталған операторлардың сот тәртібімен шағымдануына байланысты күшін жойғанын мәлім етті.
- Заң бұзушылық фактісі Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін тергеу қорытындылары бойынша ғана анықталуы мүмкін, - дейді агенттіктен.
Байланыс операторларына қандай жауапкершілік көзделген
Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 159–бабына сәйкес, субъектілердің бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттері, монополиялық жолмен жоғары бағаны белгілеу, бағаны ұстап үстемдік көрсету байланыс операторының монополиялық кірісін тәркілей отырып, айыппұлға алып келеді.
Сонымен қатар, аталған кодекстің 226-бабының 2-тармағына сәйкес (монополияға қарсы ден қою шаралары), норма бұзылған жағдайда субъектілер (байланыс операторлары):
1) монополияға қарсы органның нұсқамаларына сәйкес заң бұзушылықты тоқтатуға және оның салдарын жоюға, нұсқамада көзделген өзге де әрекеттерді орындауға міндетті;
2) келтірілген залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуге міндетті;
3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен монополияға қарсы органның әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысын орындауға міндетті.
Популярное
Последние выпуски
Алматыда есірткі сатушы әйел ұсталды
Алматыда арнайы іс-шараның нәтижесінде полиция қызметкерлері ҰҚКД жергілікті қызметкерлерінің көмегімен синтетикалық психотроптық заттарды бірнеше рет ...
В Алматы задержана женщина-наркодилер с крупной партией синтетических веществ
В Алматы полицейские совместно с сотрудниками ДКНБ провели спецоперацию, в ходе которой задержали 30-летнюю женщину, ...
Демалыс күндері Қазақстанда бұрқасын, жаңбыр және -23°C дейін күн суытады
Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Синоптиктердің болжауынша, демалыс күндері еліміздің батысында және солтүстік-батысында антициклондық ...
ШҚО-да ер адам өртенген үйден 4 баланы құтқарып қалды
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында ер адам отқа оранған үйден 4 бала мен қарт әйелді ...
В Жамбылской области задержана крупная партия контрабандных сигарет
5 февраля в поселке Карасу Жамбылской области сотрудники пограничной службы Комитета национальной безопасности (КНБ) пресекли ...
ҚР Президентінің телерадиокешенінде радиохабар пайда болады
Акцияларының 50%-дан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын ...
Елімізде енді аурухана парақтары тек электронды түрде беріле бастайды
2025 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстандық медициналық мекемелер электрондық аурухана парақтарына көшті. Қазір қағаз және электронды ...
Жамбыл облысында құны 187 млн темекіні заңсыз әкелгендер анықталды
Осы жылдың 5 ақпанында Жамбыл облысы Қарасу елді мекенінде ҰҚК шекара жасағы темекінің ірі партиясын ...
Мужчина спас пожилую соседку и четверых детей из горящего дома
В Восточно-Казахстанской области мужчина проявил мужество, спасая пожилую женщину и четверых детей из пылающего дома, ...