{metadescription}

Лента новостей

Лента новостей - Алматыда есірткі сатушы әйел ұсталды

Лента новостей - Алматыда есірткі сатушы әйел ұсталды

Выпуск от 07.02.2025

В этом выпуске:

Алматыда арнайы іс-шараның нәтижесінде полиция қызметкерлері ҰҚКД жергілікті қызметкерлерінің көмегімен синтетикалық психотроптық заттарды бірнеше рет сатты деген күдікпен 30 жастағы әйелді ұстады.

Күдіктіні жеке тінту барысында құрамында ерекше иісі бар, ақ түсті ұнтақ зат салынған 44 байлам табылып, тәркіленді. Ал ұсталған азаматшаның көлігінен есірткіні орау және бөлшек саудада сатуға арналған құрал-жабдықтар табылды. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар кокаин және мефедрон болып шықты. Жалпы салмағы шамамен 400 грамм.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Медеу аудандық полиция басқармасы есірткі сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Дереккөз: zakon.kz

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Сейчас в эфире