Лента новостей
Лента новостей - Қазақстанда ауыр қылмыс саны айтарлықтай төмендеді – ІІМ
Выпуск от 10.02.2025
В этом выпуске:
2024 жылы топпен жасалған қылмыс саны 5588 болып, 4,5 есе төмендеді.
Ведомство басшысы Ержан Саденов қоғамдық кеңес мүшелеріне еліміздегі криминогендік жағдай туралы хабарлады. Ішкі істер министрі соңғы жылдары қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде ахуалдың едәуір жақсарғанын атап өтті.
- Қылмыс деңгейі 102 мыңға дейін немесе 11%-ға төмендеді. 2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылы 12 700 қылмысқа аз тіркелді. 90-шы жылдарды қарайтын болсақ, ол кезде қылмыс саны 200 мыңнан асатын. Бірақ біз мұнымен тоқтамаймыз. Нөлдік межеге жетуді мақсат етіп отырмыз, - деді министр.
Тәуелсіздік жылдары ішінде қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендегені байқалады. Статистикалық деректер осы тенденцияны растап, криминогендік жағдайдағы елеулі өзгерістерді көрсетіп отыр.
Төмендеу ауыр қылмыстар, оның ішінде тонау, ұрлық, зорлау және адам өлтіру сияқты қылмыстарға да қатысты. Мысалы, 1997 жылы адам өлтірудің 2594 фактісі тіркелсе, өткен жылы 565 факті болды.
Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар қоғам қауіпсіздігіне ерекше қауіп тудырады. Егер 30 жыл бұрын бір жыл ішінде тіркелген осындай қылмыс саны 1,5 мыңға жетіп отырса, былтыр бұл көрсеткіш 118-ге дейін төмендеді.
Топтасып жасалған қылмыс бойынша да оң динамика байқалады. 1992 жылы Қазақстанда 18928 осындай қылмыс тіркелсе, 1994 жылы олардың саны 24712-ге жеткен. Бұл кезең құқық қорғау органдары үшін ең қиын уақыттардың бірі болды. Қылмыстық топтар белсенді әрекет етіп, оларға қарсы күрес көп күш талап етті. Алайда соңғы жылдары олардың саны айтарлықтай азайды. 2024 жылы топпен жасалған қылмыс саны 5588 болып, 4,5 есе төмендеді.
Сонымен қатар министр қылмыс түрлерінің өзгергенін және заманауи технологияларға бейімделгенін атап өтті.
- Алаяқтық кең таралып жатыр. Бұл барлық қылмыстың 42%-ын құрайды. Адамдар пайда табуды көздеп, күмәнді инвестициялар мен пирамидаларға ақша салады. Негізгі себептер — халықтың қаржылық сауаттылығының төмендігі және азаматтардың полицияға кеш хабарласуы. Бұл көптеген елге тән құбылыс, - деді Ішкі істер министрі.
Ержан Саденов министрлік осы қауіппен белсенді күресіп, алдын алу шараларын жақсарту және халықтың киберқылмыстар бойынша хабардарлығын арттыру бойынша жұмыс істеліп жатқанын жеткізді.
Сондай-ақ отырыста Қоғамдық кеңестің атқарған жұмысы қаралды. Қазіргі құрамдағы кеңес үш жыл бойы жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде ішкі істер органдарының қызметін жақсарту бойынша көптеген маңызды қадам жасалды.
Дереккөз: kazinform
Популярное
Последние выпуски
Силовика задержали c наркотиками на севере Казахстана
В Петропавловске задержан сотрудник правоохранительных органов, подозреваемый в поставке наркотиков. В социальных сетях появилась информация, что ...
Недостатки в ходе строительства дороги были выявлены Антикором в Карагандинской области
Антикоррупционной службой и его территориальными подразделениями продолжается работа по устранению коррупционных рисков и обеспечению законности ...
Мемлекет басшысы мемлекеттік сатып алу, көлік және пошта мәселелеріне қатысты заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс қызметтерін көрсету, мемлекеттік сатып алу, көлік және ...
Сотрудники МЧС пришли на помощь попавшим в снежный плен
На номер 112 поступила информация о том, что в 40 км от села Иргиз Актюбинской ...
Полиция Казахстана начала рейды относительно продажи алкоголя
На выходных в Костанае состоялся рейд по проверке соблюдения закона, запрещающего продажу алкоголя после 21:00, ...
Судью посадили на 7,5 лет за незаконное предложение в Шымкенте
В специализированном межрайонном суде по уголовным делам Шымкента в отношении судьи и еще двух человек ...
На 6 млн тенге обманули акмолинцев лжесотрудники банков за один день
Жертвами интернет-мошенников стали четыре гражданина, проживающие в разных районах области, сообщает Polisia.kz. 6 и 7 февраля ...
Глава государства подписал закон по вопросам культуры, образования и наставничества
Об этом сообщает пресс-служба Акорды. «Главой государства подписан Закон Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений ...
ІІМ көлікті 5 минут қыздырғаны үшін жаппай айыппұл салуды мақсат етпейді
ІІМ көлігін 5 минуттан артық қыздырған жүргізушілерге жаппай айыппұл салуды мақсат тұтып отырған жоқ. Бұл жайында ...