Лента новостей
Лента новостей - Алаяқтар ЖИ көмегімен министрдің дауысын салып, кәсіпкерлерден қомақты қаржы алған
Выпуск от 11.02.2025
В этом выпуске:
Италияда телефон алаяқтары қорғаныс министрінің дауысын салып, ірі бизнесмендер мен корпорация басшыларын алдап, қомақты қаржы алған, деп хабарлайды Еuronews.
Елдің бірқатар ең дәулетті адамдарына Гвидо Крозетто мен оның серіктестері атынан Гонконгтағы банк шотына шамамен миллион еуро аударуды сұраған телефон қоңырауы түсті. Бұл ақша Таяу Шығыста ұрланған итальяндық тілшілерді босатуға төлем жасау үшін керек деген сылтаумен сұралды.
Милан прокуратурасы тергеу жүргізіп жатыр. Крозеттоның өзі X сайтындағы жазбасында «абсурдтық» деп атаған оқиға сейсенбіде басталды.
- Маған өзіме жеке таныс емес белгілі кәсіпкер хабарласқысы келетінін айтты. Телефонмен сөйлескен кезде ол бұған дейін онымен мен өзім, сосын генерал хабарласқанын және ол осы «генерал» берген есепшотқа өте қомақты ақша аударғанын баяндады, - деп жазды Крозетто.
Крозетто бұл туралы полицияға хабарлады, карабинерлер алаяқтар құрбаны болған кәсіпкердің өтінішін қабылдады.
Министр айтқандай, келесі күні дәл осыған ұқсас жағдай болып, одан кейінгі күні алаяқтар өздерін Гвидо Крозетто деп таныстырып, тағы екі ірі кәсіпкерден ақшаны алдап алмақ болған.
Жалған министрден қоңырау алғандардың тізімінде Pirelli басшысы Марко Тронкетти Провера, ірі инвестор Диего Делла Валле, дизайнер Джорджио Армани, Prada бас директоры Патрицио Бертелли, Ray Ban және Oakley-дің негізін қалаушы Дель Веккьо мен құрылыс магнаты Франческо Кальтаджироне отбасылары, сондай-ақ «Интердің» бұрынғы президенті Массимо Моратти бар.
Алаяқтар телефон қоңыраулары кезінде ЖИ-мен жұмыс істейтін дауыс фильтрін пайдаланды ма әлде қорғаныс министрінің жалған дауысымен аудио хабарлама жазды ма, ол әзірге белгісіз.
Киберқылмыскерлердің жеке басын анықтау үшін тергеушілер алаяқтар көрсеткен банк шотына салынған қаражаттың қайда кеткенін анықтап жатыр.
Популярное
Последние выпуски
Детский сад в Алматы под следствием: воспитательница душила ребенка на глазах коллег
Возбуждено уголовное дело по факту неисполнения обязанностей по воспитанию несовершеннолетнего. «По данному факту отделом полиции при ...
В Актюбинской области задержаны браконьеры с 10 тушами сайги
Как сообщает Polisia.kz, нарушение выявлено в ходе оперативно-профилактического мероприятия «Браконьер». Участковый инспектор полиции патрулировал степную зону ...
Президент Касым-Жомарт Токаев совершил объезд Астаны
Об этом сообщает пресс-служба Акорды. «Глава государства посетил ряд объектов столицы», – говорится в сообщении. Касым-Жомарт Токаев ...
Алматыда балабақша қызметкері 4 жасар балаға күш көрсеткен
Әлеуметтік желіде оқиғаның бейнежазбасы тарады. Желідегі мәліметке сәйкес, Алматыдағы жекеменшік балабақшада мекеме қызметкері 4 жасар балаға ...
В Казахстане на пенсии в январе направили 346 миллиардов тенге
Об этом сообщает Министерство труда и социальной защиты населения РК. В январе 2025 года из республиканского ...
В восьми регионах Казахстана ожидается ухудшение погоды на дорогах
Для получения актуальной информации о дорожной ситуации круглосуточно работает колл-центр по номеру 1403. В пятницу, 14 ...
"Астана" теміржол станциясында контейнер жарылды
Көлік полициясы департаменті "Астана" станциясының сұрыптау паркінің 12-ші жолында контейнердің жарылу фактісі бойынша қылмыстық іс ...
«Дубай шоколадын» сатамын деп жұртты алдаған астаналық 3 жылға сотталып кетті
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталған А.-ға қатысты ...
Житель Павлодарской области выдворен из Казахстана за двойное гражданство
В Павлодарской области выявлены случаи незаконного наличия двойного гражданства, сообщает Polisia.kz. По итогам 2024 года 1387 ...