Лента новостей
Лента новостей - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Выпуск от 11.02.2025
В этом выпуске:
11 ақпан күні ҚР Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша, өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Асқар Қаныбеков Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Қаныбеков Асқар Сәкенұлы Алматы қаласында дүниеге келген, білімі жоғары.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Экономика» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын салық инспекторы қызметінен бастап, Шымкент қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, Алматы облыстық мәдениет басқармасының ішкі бақылау қызметінің бас маманы, Алматы облысы Көксу ауданы Еңбекші ауылдық округінің әкімі болды.
2013 — 2018 жылдар аралығында Шымкент қаласының кәсіпкерлік бөлім басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқарма басшысының орынбасары болды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің әкімшілік департаменті директордың орынбасары қызметін атқарды.
Сонымен қатар төрт жыл Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқарма басшысы болды. Осыған дейін Түркістан облысы аппарат басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Популярное
Последние выпуски
Қазақстан хоккейшілері бесінші рет қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды
Қазақстан хоккейшілері бесінші рет қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды 2025 жылдың 14 ақпанында Харбин қаласында қысқы ...
Анталья–Астана бағытындағы ұшақ қазақстандықтардың қатысуымен болған төбелеске байланысты шұғыл түрде қонды
Анталья–Астана бағытындағы ұшақ қазақстандықтардың қатысуымен болған төбелеске байланысты шұғыл түрде қонды Анталиядан Астанаға ұшатын Pegasus Airlines ...
Жамбылда мал ұрлап, етке өткізген қаскөйлер 5 жылға сотталды
2024 жылдың қазанынан бастап Т.Рысқұлов ауданының полиция бөлімшесіне бірқатар ауыл тұрғынынан мал ұрлығы бойынша арыздар ...
Қор нарығында доллар тағы арзандады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді. KASE қор нарығындағы ...
KAZENERGY қауымдастығының жаңа төрағасы сайланды
Бұдан былай KAZENERGY қауымдастығын Болат Ақшолақов басқаратын болады. Бүгін KAZENERGY қауымдастығының басшылығындағы кадрлық өзгерістерге қатысты кезектен ...
Курс доллара в Казахстане продолжает стремительно снижаться
Об этом сообщает Казахстанская фондовая биржа (KASE). Средневзвешенный курс доллара по итогам торгов составил 495,28 тенге, ...
Ақтөбеде мектеп оқушысы суицид жасады
Шалқар ауданы Тоғыз орта мектебінің оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Қазіргі кезде полиция іс қозғап, тергеу жүріп ...
Тамара Дүйсенова Президент көмекшісі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Дүйсенова Президент көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. - ...
Автобус спровоцировал массовое ДТП в Астане
Столкнулись проехавший на красный сигнал светофора пассажирский автобус, мусоровоз и еще два авто. В пресс-службе полиции ...