{metadescription}

Лента новостей

Лента новостей - Биыл бірқатар әуежайда ұшу қауіпсіздігін жетілдіру жұмыстары іске асады

Лента новостей - Биыл бірқатар әуежайда ұшу қауіпсіздігін жетілдіру жұмыстары іске асады

Выпуск от 11.02.2025

В этом выпуске:

ҚР Көлік министрлігі осы жылы өңірлердегі әуежайларды дамыту бағытындағы жұмыстарға түсінік берді.

- Президенттің 2024 жылғы Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес ішкі туризмді және жолаушылар әуе тасымалын дамыту үшін биыл Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа үш әуежайдың құрылысы басталады. Бұл жобалардың іске асырылуы өңірлердегі экономиканың дамуына жаңа қарқын береді, сондай-ақ отандық әрі шетелдік туристер ағынын арттыруға, жергілікті тұрғындарды қосымша жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Сонымен қатар, еліміздің бірқатар әуежайында ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін жақсартуға бағытталған әуежайлардың жерүсті инфрақұрылымы объектілерін жаңғырту бойынша жұмыстар жоспарлы түрде атқарылып жатыр, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Мәселен, Ақтау қаласының әуежайында 2025 жылдың көктемінде ұшу-қону жолағын, такси жолдары мен перрондарды күрделі жөндеуді жалғастыру жоспарланған.

- Павлодар қаласының әуежайында ұшу-қону жолағын, такси жолдарын қайта жаңарту жоспарланған. Сондай-ақ, биыл Балқаш қаласының әуежайында аэровокзал ғимаратын қайта жаңарту қарастырылған. Бұл жұмыстар әуе сапарының қауіпсіздігі мен жүйелілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ ИКАО халықаралық стандарттарына сәйкес келтіруге бағытталған, - деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Сейчас в эфире