Лента новостей
Лента новостей - Мемлекет басшысы Тәжікстанның Сыртқы істер министрін қабылдады
Выпуск от 12.02.2025
В этом выпуске:
Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинді қабылдады.
Кездесуде Президент Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынас барлық бағыт бойынша оң қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтіп, стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтудың мәні зор екенін айтты.
Мемлекет басшысы былтыр қол қойылған Одақтастық қатынастар туралы шарт Астана мен Душанбенің сан қырлы және табысты ынтымақтастығының маңызды кезеңі болғанын еске салды.
– Біз Тәжікстанмен достыққа құрылған қатынастарды жоғары бағалаймыз. Екі елдің арасында шешімін таппаған ешқандай мәселе жоқ. Қазақстан жұртшылығы бауырлас тәжік халқына ерекше ықылас танытады. Елдеріміз әрдайым бір-біріне қолдау көрсетіп келеді. Бұл екіжақты байланысты белсенді дамытуға ұмтылысымыздан да байқалады, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның қазақ-тәжік ынтымақтастығын арттыруға қосқан теңдессіз үлесіне айрықша назар аударды.
Сироджиддин Мухриддин тәуелсіздік жылдарында Қазақстан мен Тәжікстан өзара тиімді ықпалдастық орнатқанын, ол бауырлас халықтардың мүддесі үшін достық пен одақтастық рухында ұдайы дамып келе жатқанын жеткізді.
– Тәжікстан Қазақстанмен арадағы бауырластық әрі тығыз байланысты ерекше құрмет тұтады. Сіздің ел біздің маңызды серіктесіміз. Екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша өзара түсіністік бар. Екі ел қатынастары үшін былтыр айтулы жыл болды, ықпалдастығымыз одақтастық деңгейіне көтерілді, – деді министр.
Тәжік дипломаты Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президент Эмомали Рахмонның сәлемін жеткізіп, тәжік тарапының Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін растады.
Әңгімелесу барысында бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері қарастырылды. Әсіресе, экономика, сауда, транзит, цифрландыру, білім және мәдениет салаларындағы ықпалдастықты нығайту перспективасына айрықша мән берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сироджиддин Мухриддин өңірлік қауіпсіздік, су-энергетика саласындағы серіктестік, сонымен қатар Орталық Азияның орнықты дамуын қамтамасыз етуді көздейтін бірлескен шаралардың жай-күйін талқылады.
https://kaz.inform.kz/news/memleket-basshisi-tazhkstannin-sirtki-ster-ministrn-kabildadi-0f9b67/
Популярное
Последние выпуски
Нападение в лифте в Астане: врачи рассказали о травмах и состоянии ребенка
Ребенок, получивший резаные раны лица при нападении в одном из столичных жилых комплексов, находится в ...
Киберполиция задержала двух иностранцев с оборудованием для интернет-мошенничества
Департамент по противодействию киберпреступности МВД совместно с операторами сотовой связи и «Казахтелекомом» принимают активные меры ...
Курс доллара снизился еще на пять тенге
Об этом сообщает Казахстанская фондовая биржа (KASE). Средневзвешенный курс доллара по итогам торгов составил 501,31 тенге, ...
В центре Алматы снесен незаконный торговый павильон
Об этом сообщает акимат города. В Алматы снесли незаконный торговый павильон, расположенный по улице Калдаякова. Объект ...
Мемлекет басшысы: Ресей Қазақстан экономикасының негізгі инвесторларының біріне айналды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Сергей Шойгуды қабылдады. Кездесуде Қазақстан мен Ресейдің түрлі бағыттағы ...
В Алматы ищут поджигателя дома: он попал на видео
Жительница Алматы обратилась к журналистам Tengrinews.kz и рассказала о неизвестном мужчине, который целенаправленно поджег забор ...
Астанада цех өртеніп жатыр
Осы сәтте елордалық өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданы Пушкин көшесі бойындағы цехтан шыққан өртті сөндіріп жатыр. Зардап ...
Президент Касым-Жомарт Токаев принял секретаря Совета безопасности России Сергея Шойгу
В ходе встречи обсуждены вопросы сотрудничества Казахстана и России по различным направлениям двустороннего партнерства и ...
Задержаны подозреваемые в краже смартфонов на миллион тенге
В Алматы двое молодых людей похитили 20 смартфонов, нанеся ущерб в размере около 1 миллиона ...