{metadescription}

Новости

Новости

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Контакты

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Новости - Шымкентте кәсіпкер бес мың противогазды әкімдіктің алдына шашып кетті

Новости - Шымкентте кәсіпкер бес мың противогазды әкімдіктің алдына шашып кетті

Выпуск от 17.01.2023

Понедельник-пятница, 21:00

Повтор: Вторник-суббота, 12:00

Ежедневный информационный телевизионный продукт с четко отформатированной подачей информации, устоявшейся аудиторией, стабильно высокими рейтингами. В отличие от информационных продуктов других каналов, «Новости КТК» нацелены на интересы своей аудитории.

Журналисты КТК в первую очередь рассказывают о проблемах рядовых казахстанцев: ценах на товары первой необходимости, вопиющих нарушениях закона, коммунальных авариях. 

 

В этом выпуске:

Шымкентте 187 миллион теңге тұратын бес мың дана противогаз әкімдіктің алдында шашылып жатыр. Тендерді ұтып алған кәсіпкерден тапсырыс беруші әкімдік тауарды қабылдамай қойыпты. Ашуланған жеке кәсіпкер газқағарларды шенеуіктердің алдына лақтырды.

Атқамінерлердің де өз уәжі бар. Айтуларынша, тауар уақытында жеткізілмей, келісімшартты біржақты бұзған. Сотқа да жүгініпті. Қос тарапты КТК тілшісі тыңдап қайтты.

Шымкентте тендерден 5 мың дана противогаз ұтып алған кәсіпкер жәшік-жәшік тауарды қала әкімдігінің алдына үйіп тастады. Себебі, төтенше жағдай кезінде пайдаланылатын құрылғыларды тапсырыс беруші қабылдамай қойған. Тіпті «тауарың жоқ» деп, шенеуніктер сотқа берді дейді кәсіпкер. Әкімдіктің бұл әрекетін ол былайша түсіндіруге тырысты.

Гүлсахар Гасанова, кәсіпкер:

- Бұлар әбден өздерінің үйреніп қалған компанияларымен жұмыс істеп үйренген. 60 миллион мемлекетке қайтарып отырған ақшам ешкімді қызықтырып жатқан жоқ. Бұлардың тек айтатыны сотқа бар, сотқа бар.

187 миллион теңге шығындап, қажетті бес мың дана противогазды сатып алғанын кәсіпкер бірнеше айдан бері дәлелдей алмай жүрмін дейді. Сондықтан бүгін тауарын көрсету үшін әкімдікке келіп, шенеуніктердің алдына тастады.

- Жоқ, жоқ, сенде, противогаз деп жатырсыңдар. Міне, көріңіздер, алыңыздар. Екінші рет маған ұялмай, жоқ сенде, противогаз, жоқ сенде, тауар демеңіздер.

Тапсырыс бергендердің де бұған қатысты өз жауабы дайын. Айтуларынша, тауар дер кезінде жеткізілмеген. Сондықтан әкімдік тарапынан келісімшартты біржақты бұзып, сотқа жүгініпті.

Ердәулет Құрманғазы, Шымкент әкімдігі аппаратының мамандандырылған базасының басшысы:

- Бұл кісілердің 2022 жылғы келісімшарты бойынша соттың шешімі шықсын. Егер де біздің тарапқа төлеп берсін, осылардың тауары алынсын деп шешім шықса, біздің тараптан заңға сәйкес төлеп, тауарын аламыз.

Түрлі төтенше жағдайға дайын болуымыз керек деген Шымкент қаласының әкімдігі бірер күннен кейін тағы 4 мың противогазға конкурс жарияламақшы. Бірақ шенеуніктер дайын тауарын өткізе алмай жүрген кәсіпкердің газқағарларын үзілді-кесілді алмаймыз деп отыр.

Әкімдіктің өзі сұратып, тіпті конкурс жариялаған газқағары енді ешкімге керек болмай қалды. Тіпті алдына алып келсе де, алудан бас тартты. Енді әрқайсысы 36 мың тұратын бес мың дана газқағардың тағдыры тек қана сот құзырында.

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Вчера

Сейчас в эфире