Новости
Портрет недели
Артур Платонов
Контакты
News@ktk-tv.kz
Новости - «Ақжол» партиясы съезін өткізіп, бағдарламасын бекітіп, бағытын айқындады
Выпуск от 01.02.2023
Понедельник-пятница, 21:00
Повтор: Вторник-суббота, 12:00
Ежедневный информационный телевизионный продукт с четко отформатированной подачей информации, устоявшейся аудиторией, стабильно высокими рейтингами. В отличие от информационных продуктов других каналов, «Новости КТК» нацелены на интересы своей аудитории.
Журналисты КТК в первую очередь рассказывают о проблемах рядовых казахстанцев: ценах на товары первой необходимости, вопиющих нарушениях закона, коммунальных авариях.
В этом выпуске:
«Ақжол» демократиялық партиясының Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кімді ұсынатыны белгілі болды. Тізімде күні кеше таратылған жетінші шақырылымның депутаттары бар. Саяси ұйым бүгін 21-ші съезін өткізіп, сайлау алдындағы дайындығын пысықтады. Бағдарламасын бекітіп, бағытын айқындады.
Қазір елдің саяси алаңындағы партиялардың белсенділігі бірінен-бірі өтіп тұр. Тіпті араға күн салмай құрылтай өткізіп, аймақтағы филиал төрағаларын да астанаға шақырып, алқалы жиын өткізіп жатыр. Партиялардың қарбаласы түсінікті. Мемлекет басшысы парламентті таратып, сайлау күнін белгілегеннен бері екі апта уақыт өте шықты. Яғни бұл бәсекеге қабілеттілер етек-жеңін жинай бастау керек деген сөз.
Бүгін әр сөзінде ақ жол тілеп жүретін ақжолдықтар Астанада бас қосты. Партияның XXI съезіне білек сыбанып жүрген белсенділер түгел жиналды. Алдымен жетінші шақырылымда министрлерді өткір сұрақтарымен састырған Берік Дүйсенбинов партияның былтыр атқарған жұмыстарын бір шолып өтті.
Берік Дүйсенбинов:
- «Ақжол» фракциясы 2021-22 жылдары Үкіметке және басқа да мемлекеттік органдарға 186 депутаттық сауал жолдады. Оның ішінде тәуелсіздік пен Алаш ұлттық идеясын нығайтуға арналған 20 сауал, кәсіпкерлікті және нарық экономикасын қолдау бойынша 121 сауал, сыбайлас жемқорлыққа және деофшоризацияға қарсы 10 сауал, демократия мен парламентаризмді дамыту бойынша 12 сауал, әлеуметтік әділет мәселесі бойынша 23 сауал.
Бірақ, қазір «не істедім?» дегеннен гөрі «не істеймін?» деген сұрақ партияларды көбірек мазалауы керек. Өйткені жүйелі сайлауалды бағдарламасыз халықтың сеніміне ие боламын деу бос әурешілік екенін саяси ұйымдар жақсы біледі. Ақжолдықтар бұл жолы алты бағытты қамтыған: Алаш идеясы, демократия, жемқорлыққа қарсы күрес, әлеуметтік әділет, кәсіпкерлерді қолдау, салиқалы сыртқы саясат.
Азат Перуашев, «Ақжол» демократиялық партиясының төрағасы:
- Біз прагматикалық партия ретінде сыбайлас жемқорлық, байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық, экономика мен саясаттағы монополиядан басталатын ескі олқылықтардың қоғамның барлық саласын дендеп алғанын көріп отырмыз. Олар өздігінен жойылмайды. Бұл ерекше күшжігерді талап етеді. Сондықтан «Ақжол» партиясының саяси партиясы өзекті.
Сонымен бұл жолы «Ақжол» партиясы 54 мүшесін мәжіліс депутаттығына кандидат етіп тіркепті. Тағы 24-і – өзін ұсынғандар. 850-дей ақжолдық мәслихат депутаттығына үмітті. Төменгі палатаға кандидаттар арасында жетінші шақырылымда болған Берік Дүйсенбинов, Дәния Еспаева, Қазыбек Иса сынды азаматтар бар. Ал партиялық тізімді Азат Перуашевтің өзі бастап тұр. Төрағадан «Халық сеніміне ие болған күнде орныңызды партияласыңызға босатуға әзірсіз бе?» деп сұраған едік...
- Бұл менің жауапкершілігім. Мен өз міндетімді және жауапкершілігімді лайықты деңгейде атқарып келе жатырмын.
19 наурыздағы мәжіліс сайлауында ақжолдықтар жеңіске дәмелі. «Не де болса, халықтың нық сеніміне ие болуға қолдан келгенді жасаймыз» деп отыр. Әзірге сайлауалды жобасын бекітіп алған партиялықтар арнайы жайылған дастарханнан дәм татып тарқасты.
Популярное
Последние выпуски
Мужчина зарезал бывшую супругу в поликлинике Кульсары
Жуткое убийство в Атырауской области. Там мужчина зарезал бывшую супругу прямо на ее рабочем месте. ...
Жителей юга Казахстана напугали два ощутимых землетрясения
Жители юга Казахстана сегодня взбудоражены сразу двумя ощутимыми землетрясениями. Толчки силой 5 баллов произошли с ...
Сотни мертвых сайгаков нашли в водоемах и степи в двух областях Казахстана
Водоемы в Карагандинской и Улытауской областях проверят на наличие опасных инфекций. С приходом тепла в ...
Второй пожар за неделю в столичном ЖК: пострадали взрослые и дети
Ребенок отравился угарным газом и с термическим ожогом дыхательных путей попал в реанимацию. Это произошло ...
Молодые люди устроили давку из-за бесплатной еды около столичной мечети
Давку из-за бесплатной еды в святую для мусульман ночь устроили вблизи одной из столичных мечетей. ...
Что происходило во время сильного землетрясения в Таиланде, рассказали очевидцы
Казахстанцы не пострадали во время мощного землетрясения в Таиланде. Наши туристы на курортах за помощью ...
Четверо казахстанцев погибли в Южной Корее
Жуткая автомобильная авария унесла жизни четверых казахстанцев в Южной Корее. Смертельное дорожно-транспортное происшествие случилось накануне ...
«Серые» мобильные телефоны могут подорожать в Казахстане
Цены на некоторые мобильные телефоны могут вырасти в Казахстане. Всё дело в том, что после ...
Где в Казахстане больше всего едят сладкое
Казахстанцы стали больше тратиться на сладкое. Расходы на пирожные, конфеты и сахар возросли до 9200 ...