{metadescription}

Новости

Новости

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Контакты

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Новости - Өгей қызын өлтірген әйел сот алдында жауап беріп жатыр

Новости - Өгей қызын өлтірген әйел сот алдында жауап беріп жатыр

Выпуск от 06.11.2023

Понедельник-пятница, 21:00

Повтор: Вторник-суббота, 12:00

Ежедневный информационный телевизионный продукт с четко отформатированной подачей информации, устоявшейся аудиторией, стабильно высокими рейтингами. В отличие от информационных продуктов других каналов, «Новости КТК» нацелены на интересы своей аудитории.

Журналисты КТК в первую очередь рассказывают о проблемах рядовых казахстанцев: ценах на товары первой необходимости, вопиющих нарушениях закона, коммунальных авариях. 

 

В этом выпуске:

Алматыда жеті жасар өгей қызын асқан қатыгездікпен ұрып өлтірді деп айыпталған әйел сот алдында жауап бере бастады. Жантүршігерлік қылмыс биыл жазда болған. Жауыз әйел жеткіншекті жүйелі түрде сабап келгенін куәгерлер айтып отыр. Ақыр соңында үлкен дәретін жіберіп қойғаны үшін басын қабырғаға ұрып талдырған. Қыз бала ес жимастан қайтыс болды.

Жауыздық жасаған қыздың өгей шешесі кезінде қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді көтеріп жүрген белсендісымақ екен.

Боялған қысқа шаш. Өткір көзқарас. Жастар мәнерінде киінген 47 жастағы әйелге өгей қызын ұрып өлтірді деген айып тағылып отыр. Бүгінгі алдын ала тыңдалымға ол тыңғылықты дайындалып келген сыңайлы. Бір емес, екі қорғаушысымен қатысты. Бірі дәл алдында отырса, екіншісі қашықта. Соттың сұрауынан кейін ойланбастан алқабилерден бірден бас тартты.

Балжан Тұрлыбекованың теледидарды жақтыртпауы бүгін ғана. Негізі ол осы уақытқа дейін ел алдында емін-еркін сөйлеп жүрген қоғам белсендісі. Әрі пәтер иелері кооперативінің төрайымы болып жұмыс істеген. Былтыр тіпті біздің арнамызға құштарлана өз мәселесін айтып, қымсынбай-қымтырылмай сұхбат берген. Енді қазір бет-жүзін көрсетпеуді талап етуде. 

Балжан ханым, тағылған айыппен келісесіз бе?

Келісе ме, келіспей ме, онысын біле алмадық. Сол күйі жауап бермеді. Бірақ марқұм болған 7 жасар қыздың жақындары дәл осы әйелдің жеткіншекті жауыздықпен өлтіргеніне сенімді.

 Елена Закураева, марқұмның әжесі:

Менің талабым, ол әйелді өмір бойына бас бостандығынан айыру. Өйткені немеремді төрт ай бойы ұрып, ақыры өлтіріп тастады. Негізі әкесі де Каринаны ұрған. Бірақ ол жазадан құтылып кетті. Әкесін де қамауға алу керек.

«Әкесін де жазаға тарту керек» деп отырғаны тектен-тек емес. Айта кетейік, туған шешесі 10 айлығында қашып кеткен кішкентай Каринаны 7 жасына дейін негізі әжесі бағып-қаққан. Алайда биыл көктемде әкесі Бәкен Закураев инспекторлармен келіп қызды алып кеткен. Сөйтіп өзінен 14 жас үлкен азаматтық некедегі әйелі Балжан Тұрлыбекованың үйіне апарады. Сол уақытта екеуі бірге жарты жыл ғана тұрыпты. Карина жат жерде төрт ай бойы өгей шешесінен де, туған әкесінен де әбден таяқ жеген дейді жақындары. Белбеумен сабағанын көршілері де көріпті. Айтуларынша, ақыр соңында, 10 шілдеде жеткіншек үлкен дәретін жіберіп қойғаны үшін өгей шешесі басын қабырғаға ұрады. Қатты соққыдан миына қан құйылып, Карина бірден жантәсілім еткен.

Өгей қызын өлтірді деп айыпталған Балжан Тұрлыбекова 20 жыл немесе өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал әйелінің қатігез екенін біле тұра, араша түспеген әкесі жазаға тартылады ма, жоқ па, әзірге белгісіз. Кейбір мәліметке сүйенсек, Бәкен Закураев сол оқиғадан кейін қаңғыбастың күйін кешіп кеткен.

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Вчера

Сейчас в эфире