Новости
Портрет недели
Артур Платонов
Контакты
News@ktk-tv.kz
Новости - Липосакция: Артық салмағынан арыламын деп ажал құшты
Выпуск от 10.07.2024
Понедельник-пятница, 21:00
Повтор: Вторник-суббота, 12:00
Ежедневный информационный телевизионный продукт с четко отформатированной подачей информации, устоявшейся аудиторией, стабильно высокими рейтингами. В отличие от информационных продуктов других каналов, «Новости КТК» нацелены на интересы своей аудитории.
Журналисты КТК в первую очередь рассказывают о проблемах рядовых казахстанцев: ценах на товары первой необходимости, вопиющих нарушениях закона, коммунальных авариях.
В этом выпуске:
Артық салмақтан арылуға барып, ажал құшты. Алматыда 47 жастағы әйел липосакциядан кейін көз жұмды. Марқұм қаладағы мақтаулы пластикалық хирург қызметіне жүгінген.
Алайда беліндегі майды алдыртқаннан кейін жағдайы нашарлап, беті бері қарамапты. Құралай Батырханованың жақындары науқасқа отадан кейін дұрыс күтім жасалмаған деп күдіктенеді әрі кінәлілер жазадан сытылып кетпесе деп отыр. Ұлағатты ұстаздың артында үш баласы қалған.
Құралай Батырханова жылдар бойы артық салмақтың зардабын тартып келген. 101 келі салмақтан әйелдің аяғына күш түсіп, ауыра бастапты. Сөйтіп липосакция жасату туралы шешім қабылдайды. Ол дәрігерді ұзақ таңдап, ең мақтаулы пластикалық хирургке барған.
Сәулет Батырхан, марқұмның сіңлісі:
– Каникулда ана артық майымды алып тастаймын, сосын кішкене сабаққа жеңілдеп барам, салмағым түседі деп, интернеттен екеуміз қарағанбыз, инстаграм, бәрін қарадық. Данияр деген дәрігерге жазылған пікірлерді оқып, зерттеп, бардық. Минус 5,6 келі тастайды деп айтты, содан кейін анау жиналғаннан кейін организм өзі тастай береді деді.
Осыған қызыққан әйел бірден отаға дайындала бастайды. Яғни бастан-аяқ медициналық тексерістен өткен. Әрі денсаулығында еш кінәрат жоқ екені анықталыпты. Клиникамен келісімшартқа отырып, отаға 2 миллион теңге төлеген. Оны да бауырынан қарызға алыпты. Құралайдың ішіндегі майды алу отасы бір жарым сағатқа созылған. Әйел липосакциядан кейін жақындарына өз-өзіне келе алмай жатқаны туралы хабарлама жібереді. Ал, түнге қарай дәрігерлер қаралы хабар жеткізген. Хирургтер отаның қаупі туралы еш ескертпеді дейді қара жамылғандар.
Гүлнар Батырхан, марқұмның сіңлісі:
– Бұл жерде адамның миын улау болып тұр ғой. Неге айтпайды, осындай жағдай болады, өліп қалуыңыз мүмкін немесе өліп кетуі мүмкін, 90 пайыздан екі пайыз сондай болуы мүмкін деп, неге айтпайды?! Сіз операциядан тұрғаннан кейін сағат 2-де жолдасыңыз алып кетеді деп айтқан.
Ойда-жоқта жақынынан айырылғандар пластикалық хирургтің жаназаға келіп кешірім сұраудың орнына — ақша ұсынғанына да қапалы. Мәйітке жасалған сараптаманың алдын ала қорытындысына сәйкес, 47 жастағы әйел инфаркттан кеткен. Десе де жақындары бұған сенбейді. Олар отадан кейін науқасқа күтім дұрыс жасалмаған деп күдіктенеді. Ал іштегі майды алу операциясын жасаған мақтаулы дәрігер қызметін әлі де жалғастыруда. Айтуынша, Құралайға ота сәтті жасалған.
Данияр Урмурзин, пластикалық хирург:
– Операция ойдағыдай өтті. Кейін науқас интенсивті терапия бөліміне, сосын стационарға ауыстырылды.Ол палатада өзін жақсы сезінді. Ал түстен кейін жағдайы нашарлай бастады. Біз протоколға сәйкес әрекет еттік. Бірақ науқасты аман алып қала алмадық. Отаны мен жасадым, моральді тұрғыда жауаптымын. Қазір маған да қиын болып тұр. Өкінішке қарай, медицинада күтпеген жағдайлар болады. Не болғанын өзім де түсіне алмай жүрмін.
Сараптаманың нақты қорытындысы бір айдан соң шығады. Марқұмның жақындары дәрігерлер жауапкершіліктен сытылып кете ме деп қорқып отыр. Сондықтан олар істің әділ өтуін сұрауда.
47 жастағы бастауыш сынып мұғалімі. Ұлағатты ұстаздың артында үш баласы қалған. Қазір қайғылы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Липосакцияны жасаған пластикалық хирургтың кінәсі дәлелденсе, 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Популярное
Последние выпуски
Массовое отравление произошло в детсаду
Причину массового отравления в детском саду выясняют в Мангистауской области. Там сразу 37 человек пожаловались ...
Два водителя и пассажирка погибли в ДТП под Алматы
Смертельная авария на трассе Алматы – Бишкек. Столкнулись две легковые машины. На месте ДТП погибли ...
Тело в сумке: родные 26-летней девушки не верят, что ее зверски убил один человек
В Алматы расследуют убийство 26-летней девушки. Айшу Хамит искали больше двух месяцев. Она ушла на ...
Причины массовой дорожной аварии продолжают расследовать в Акмолинской области
По факту массового ДТП на трассе в Акмолинской области возбуждено сразу семь уголовных дел. Причины ...
Сколько денег выручит и на что потратит Кабмин за счет увеличения числа платных дорог
Платных дорог в Казахстане станет почти вдвое больше. А стоимость проезда по отдельным участкам автотрасс ...
Удары, птицы, сквозные повреждения: Минтранс опубликовал предварительный отчет о причинах крушения самолета под Актау
Срочная новость от Министерства транспорта. Ведомство только что обнародовало предварительный отчет о расследовании крушения самолета ...
Многотысячные счета за тепло получили жильцы новостройки в Актобе
В Актобе жильцы дома, построенного по госпрограмме, сегодня без приглашения явились в акимат. Они шокированы ...
Цифры в квитанциях за комуслуги – почему так много?
С 1 февраля в Казахстане выросли тарифы на электроэнергию, но изменения в квитанциях жители заметят ...
Чиновника и двух депутатов подозревают в крупном хищении
Сразу два депутата стали фигурантами уголовного дела в Актюбинской области. Вместе с ними в хищении ...