{metadescription}

Новости

Новости

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Контакты

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Новости - Алматы: «Айс Мұратоваға» алданғандар оның туыстары да жазалансын деп отыр

Новости - Алматы: «Айс Мұратоваға» алданғандар оның туыстары да жазалансын деп отыр

Выпуск от 09.09.2024

Понедельник-пятница, 21:00

Повтор: Вторник-суббота, 12:00

Ежедневный информационный телевизионный продукт с четко отформатированной подачей информации, устоявшейся аудиторией, стабильно высокими рейтингами. В отличие от информационных продуктов других каналов, «Новости КТК» нацелены на интересы своей аудитории.

Журналисты КТК в первую очередь рассказывают о проблемах рядовых казахстанцев: ценах на товары первой необходимости, вопиющих нарушениях закона, коммунальных авариях. 

 

В этом выпуске:

«Жұрттың ақшасына шалқып жүр». Алматыда «Айс Мұратоваға алдандық» деген азаматтар оның туыстарының да жазалануын талап етті. Айтуынша, миллиондаған теңгені күдіктінің өзіне ғана емес, жақындарына да аударған. Енді олар сол ақшаға қалағанын алып, бақуатты өмір сүріп жатқан көрінеді. Жер сипап қалған саудагерлер сол «қымбат мүліктерді тәркілеп, ақшамызды қайтарса» дейді. Алданғандар жүздеген адамнан тапсырыс жинап қарызға батқан. Алматы прокуратурасының алдында жиналған топпен КТК тілшісі тілдесіп қайтты.

«Айс Мұратова» лақап атымен белгілі әйелге алданғандар еліміздің түкпір-түкпірінде бар. Жәбірленушілер саны мыңға жуық. Бәрі де тікелей Қытай зауыттарынан арзан тауар алып сауданың көркін қыздырамыз деп ойлаған.

Гүлназ Мәлікова, Тараз тұрғыны:

Бағасы тиын болды. Мысалы, бізде 11 мыңдық шәйнектер мың жарым теңге, мың теңге болып шығатын. Қасықтары 700-800-1000 теңгеден асып кетсе, солай боп шығатын. Ауру болдық, ішіміздегі баламыз түсті, өз-өзімізге қол жұмсаған күн де болды. Қан қысымым жиі көтеріледі. Қатты шаршадым.

Жұртты сендіру үшін әйел бастапқыда тауар жіберген. Сөйтіп тапсырыс көлемі арта түсіпті. Тіпті бұлар көтерме саудамен айналысқысы келетін өзге адамдардан онлайн тапсырыс жинауға көшеді. Ақыр аяғында не тауар, не ақша жоқ. Бәрі клиенттеріне қыруар қаражат қарыз болып шыға келіпті.

Інжу Әбдіханиева, Алматы тұрғыны:

Жан-жақтан жеп жатыр. Ақшамызды қайтар, біз Айсты танымаймыз, біз саған салдық, сен ақшаны қайтар бізге, қалай болса да тауып бер, қай кезде бересің, күнде жазады, күнде телефон соғады, тыныштық жоқ.

Айс Мұратова деген адам да жоқ болып шыққан. Талайды сан соқтырған әйелдің шын есімі Арайлым Қожамұратова дейді. Тақырға отырған саудагерлер миллиондарды Арайлымның туыстарына да жібергенін айтады. Сондықтан «олар да жазаланса» дейді. 

Марина Ғапсаттарова, Орал тұрғыны:

Өзімде мың адам бар. Мың адаминан тапсырыс алып, Айсқа 100 миллионның үстінде тауарға ақша өткіздім. Ақшаны тек өзі емес, бүтін тума-туысқаны, інілеріне жіберткізді. Бәрі Гелендваген, неше түрлі қымбат-қымбат, 60 миллион, 130 миллионның көлігін айдап жүр. Әр інісіне, анасына үй сатып алып берген.

Енді сол мүлік түгел тәркіленіп, ақшамыз қайтарылса дейді. Ал күдіктінің өзі қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Өткен жылдың тамыз айында оған қатысты алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бір жылдан аса уақыт өтсе де, тергеу әлі жалғасып жатыр екен.

Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі:

Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚК 190-бабының 4-тармағы бойынша қылмыстық істі тергеуде. Аса ірі көлемде, алаяқтық дерегі бойынша. Қылмыстық іс жүргізу кодексімен көзделген барлық тергеу жүргізіліп жатыр.

Оңбай алданған саудагерлерді бүгін Алматы прокурорының орынбасары қабылдады. Сөйтіп жұрттың талабын жіпке тізгендей жазып алған. Прокурор қалай болғанда да алаяқтыққа қатысы бар адамның «бәрі жауапқа тартылады» деп сендіріп отыр. Ал тақырға отырған топ миллиондаған қаражатымыз да қайтарылса дейді.

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Вчера

Сейчас в эфире
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.