{metadescription}

Новости

Новости

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Контакты

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Новости - Маңғыстау облысы: Сарбазды атып өлтірген офицер қамауға алып, комиссия құрылды

Новости - Маңғыстау облысы: Сарбазды атып өлтірген офицер қамауға алып, комиссия құрылды

Выпуск от 09.09.2024

Понедельник-пятница, 21:00

Повтор: Вторник-суббота, 12:00

Ежедневный информационный телевизионный продукт с четко отформатированной подачей информации, устоявшейся аудиторией, стабильно высокими рейтингами. В отличие от информационных продуктов других каналов, «Новости КТК» нацелены на интересы своей аудитории.

Журналисты КТК в первую очередь рассказывают о проблемах рядовых казахстанцев: ценах на товары первой необходимости, вопиющих нарушениях закона, коммунальных авариях. 

 

В этом выпуске:

Маңғыстау облысындағы әскери жиында сарбаздың бетінен атқан офицер қамауға алынды. Оқыс жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылған. Жалғыз ұлынан айрылған отбасы «оқ абайсызда атылды» деген әскери қолбасшылықтың мәлімдемесіне күмәнмен қарайды.

Ербол Күнтинов, марқұм сарбаздың әкесі:

Оқ сол көзінің астынан кіріп, басының оң жағынан, артынан шыққан. Жалғыз ұлымды әскерге жіберіп жетістім бе?! Баламның өліміне қатыстылар қатаң түрде жазасын алуы керек. Егер басқа бір сарбаз атып алса, тәжірибесі аз, байқамай қалған шығар деуге болады. Ал бұл жерде атқан офицер, бес жыл әскери саланы оқыған маман. Әрі кетсе, 3-4 жыл отырып шығып кеткенін қаламаймын. Басшылық құрамда ары сөгіс алып құтылып кетуі мүмкін. Сондықтан барынша әділ тергеу болғанын талап етемін.

Оқыс жағдай Ақтаудың түбіндегі Оймаша әскери полигонындағы Батыс өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің жиынында болған. Лагерде кезекші болған гвардия лейтенанты Дамир Досов «Макаров» тапаншасынан атқан оғы қатардағы сарбаз Марат Барқұловтың бетіне тиеді. Ауыр жараланған 19 жасар сарбаз ауруханаға жетпей көз жұмды. Әскери офицер қасақана атты ма, әлде байқаусызда оқ тигізіп алды ма, ол әзірге белгісіз. Әзірге бір баппен іс қозғалып, гвардия лейтенанты қамауға алынды.

Әскери прокуратура мен қорғаныс министрі істі ерекше бақылауға алды. Ал арнайы құрылған комиссияны қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев басқаратын болды.

Руслан Жангулин, ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:

Қайғылы жағдайдың мән-жайы тексеріліп, тергеу органдарына объективті тергеу жүргізу үшін көмек көрсетіледі. Кінәлі тұлғалар ҚР ҚК сәйкес, қатаң жауапқа тартылады. ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтады. Сарбаздың туыстары мен жақындарына жан-жақты көмек көрсетілетінін хабарлайды. 

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Вчера

Сейчас в эфире
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.