{metadescription}

Новости

Новости

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Контакты

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Новости - Ақмола облысы: 42-ші разьезд тұрғындары көп жыл жол азабын тартып келеді

Новости - Ақмола облысы: 42-ші разьезд тұрғындары көп жыл жол азабын тартып келеді

Выпуск от 08.11.2024

Понедельник-пятница, 21:00

Повтор: Вторник-суббота, 12:00

Ежедневный информационный телевизионный продукт с четко отформатированной подачей информации, устоявшейся аудиторией, стабильно высокими рейтингами. В отличие от информационных продуктов других каналов, «Новости КТК» нацелены на интересы своей аудитории.

Журналисты КТК в первую очередь рассказывают о проблемах рядовых казахстанцев: ценах на товары первой необходимости, вопиющих нарушениях закона, коммунальных авариях. 

 

В этом выпуске:

Ақмола облысының Аршалы ауданына қарасты 42-ші разьезд аталатын ауыл тұрғындары көп жылдан бері жол азабын тартып келеді. Қазірдің өзінде толарсақтан саз кешіп, балшыққа белшесінен батқан жұрттың жанайқайын еститін жан жоқ. Мектебі мен медицина пункті жоқ ауыл 30 шақырымдағы Астанаға қатынауға мәжбүр. Жол жоқтығынан кейде бала-шағасымен басын қауіпке тігіп темір жолдың бойымен жүруге де тура келеді.  Тауқымет көрген жұрттың мұңын КТК тілшісі тыңдап қайтты.

Разьезд деген аты болмаса, 110 тұрғыны  бар шағын ауыл. Бір жағынан теміржол, екінші жағынан Есіл өзені ағады. Бұл елді мекенге жету үшін қияметтің қыл көпірінен өту керек. Ауылға кіретін де, шығатын да бір ғана жол бар. Оның да сиқы жаман. Белуардан саз кешіп барып, әупірімдеп шықсаң шығасың, әйтпесе, кері қайтады екен.

Төлеген Сәдуақасов:

Мен қалаға ауруханаға бара жатып батып қалдым. Қатты ауырамын. Екпе алуым керек. Міне, бүгін бара алмай қалдым. Әкімдер жоқ, қарамайды. Құр отыр. Қысқасы, мүлдем жұмыс істемейді, ешқайсысы.

Гүлжиян Исағұлова:

Ешкімге керек емеспіз. Жол жоқ. Астананың іргесінде тұрамыз! Баламыз сабаққа бармай қалатын кез де болады. Автобус жоқ. Жол шұңқыр, нашар болғандықтан автобус жүрмейді.

Ауылда мектеп болмаған соң, балалар көрші Жалтыркөл ауылына барып оқиды екен. Ал миы шығып езілген жолды айналып өту үшін тұрғындар теміржолды пайдаланады. Жаяу-жалпы теміржол ұстімен кейде тоқтап тұрған пойыздың астынан өтуге тура келеді. Бірақ жылда жыр болған жолды жөндеуге асығып отырған жан жоқ.

Әр жерде үйіліп жатқан қиыршық тасты маңайдағы зауыттардан әкелген. Бірақ бұл езілген он шақырым жолдың жұмырына жұғын  болмайды, дейді тұрғындар. Ал ауыл әкімі «қолдан келер қайран жоқ» деп отыр.

Тілшілер келген соң, жол үстінде аяқ астынан арнайы техника пайда болды. Әлгі зауыттардың берген қиыршық тасын төсеген болып жатыр. Бірақ одан да пайда болмайтын сияқты. Өйткені әкімнің өзі «подтопляемый ауыл» деп тұр.

Тыныштық Қыдырбаева, Елтоқ ауыл округінің әкімі:

Бұл жерді мердігер ары қарай алмады. Өйткені суға кететін аймақ болғаннан кейін. Көрдіңіз ғой, суға кетуге бейім. Сол жер суға кететін аймақ деп айтылады сол жер. Есілдің жағасында. Халық өзі біледі, 42-ші разьезд суға кететін аймақ ретінде.

Ауыл әкімінің айтуынша, тұрғындарды жол азабынан құтқару үшін талай рет Аршалы ауданы әкімдігіне тапсырыс берген. Бірақ бәрібір суға кетеді деді ме, бюджетте ақша жоқ депті.

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Сейчас в эфире