{metadescription}

Новости

Новости

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Контакты

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Новости - Алматы: Аулада ағаш құлап, үш бірдей машина бүлінген

Новости - Алматы: Аулада ағаш құлап, үш бірдей машина бүлінген

Выпуск от 15.11.2024

Понедельник-пятница, 21:00

Повтор: Вторник-суббота, 12:00

Ежедневный информационный телевизионный продукт с четко отформатированной подачей информации, устоявшейся аудиторией, стабильно высокими рейтингами. В отличие от информационных продуктов других каналов, «Новости КТК» нацелены на интересы своей аудитории.

Журналисты КТК в первую очередь рассказывают о проблемах рядовых казахстанцев: ценах на товары первой необходимости, вопиющих нарушениях закона, коммунальных авариях. 

 

В этом выпуске:

Алматыда көпқабатты үйдің ауласында тұрған көліктердің үстіне шіріген ағаш құлап кетті. Үш бірдей машина бүлінген.

Оқыс оқиға түскі уақытта болды. Ойда-жоқта тұрақта тұрған көліктері бүлінген жүргізушілер құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Олар ағашты кесу арқылы көліктердің үстінен түсірді. Абырой болғанда бұл оқиғадан тұрғындар зардап шеккен жоқ. Қазір көпқабатты үйдің ауласында қираған көліктердің біреуі ғана тұр. Ал кесілген ағаш пен оның бұталары әлі де жатыр. Бұл аудандағы ағаштарды кесу жұмыстары мемлекеттік сатып алу негізінде жеке мердігерге тапсырылған. Бірақ құлаған тал апаттық ағаштар тізіміне енбепті. Енді көлігі бүлінген азаматтар келген шығынды өндіру үшін сотқа шағымдануы керек дейді шенеуніктер.

Зәуре Қалпенова, Әуезов ауданы әкімдігі көріктендіру бөлімінің бас маманы:

Автокөліктерге келтірілген шығынды өтеу үшін көлік иелеріне сот органдарына жүгіну ұсынылады. Сот кінәлі тұлғаларды анықтап, жауапкершілікті тағайындайды. Егер сот шешімі зардап шеккен тараптың пайдасына шықса, мемлекеттік органдар туындаған шығынды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеуге міндетті.

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Вчера

Сейчас в эфире