{metadescription}

Новости

Новости

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Контакты

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Новости - Алматыда тепловоз автобусқа соғылып, алты жолаушы зардап шекті

Новости - Алматыда тепловоз автобусқа соғылып, алты жолаушы зардап шекті

Выпуск от 26.11.2024

Понедельник-пятница, 21:00

Повтор: Вторник-суббота, 12:00

Ежедневный информационный телевизионный продукт с четко отформатированной подачей информации, устоявшейся аудиторией, стабильно высокими рейтингами. В отличие от информационных продуктов других каналов, «Новости КТК» нацелены на интересы своей аудитории.

Журналисты КТК в первую очередь рассказывают о проблемах рядовых казахстанцев: ценах на товары первой необходимости, вопиющих нарушениях закона, коммунальных авариях. 

 

В этом выпуске:

Алматының қақ ортасында тепловоз автобусқа соғылды. Қоғамдық көліктегі алты жолаушы зардап шеккен. 80-нен асқан қарияның жағдайы ауыр дейді дәрігерлер. Тапа-тал түсте қаланың ортасында автобусқа жаншылған локомотив жеке компанияға тиесілі екен.

«Шойын жол да жекеменшік» деген "Қазақстан темір жолы" бұл оқиғаға «еш қатысымыз жоқ» дейді. Ал куәгерлер мен автобус жолаушылары жүргізуші тепловоздың дабылына мән бермегенін айтады. Полиция 88-ші бағыттағы автобус жүргізушісінің жол ережесін бұзғанын растап отыр. Іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

Жол апаты Әуезов пен Гоголь көшелерінің қиылысында болған. 88-ші бағыттағы автобус Гоголь көшесінің бойымен келе жатқан тепловозбен соқтығысқан. Қаланың қақ ортасында отарба қайдан жүр демеңіз, дәл осы жерде теміржол тұйығы бар. Яғни тепловоздар үнемі әрі-бері жүк тасиды.

Соққының қатты болғаны сонша, автобустың бір жағы жапырылып қалған. Көз алдында тепловоз қаққан қоғамдық көлік жолаушылары шошынып қалған.

Гүлнәр Сүйінбай, автобус жолаушысы:

 Автобуста отырдым. Бір уақытта мына жерге таяп қалған кезде тепловоз келе жатты. Жүргізуші жол бермей жүре берді. Локомотив тоқтай алмайды ғой. Сонда да мына есікке ұрып, мен тұрып үлгердім, сонда да құладым, бәрі құлады. Қорқынышты болды. Есімізден айырыла жаздадық.

Автобустағы адамдарды шығаруға сол маңдағы дүкен жұмысшылары ұмтылған. Жедел жәрдем шақыртқан да солар екен.

Әмір Гановизи:

Иә, бір мезетте қатты дыбыс естідім. Жолдың арғы бетіне шығып ағамды шақырдым. Ол да көрші тұрады. Сосын мында зардап шеккен қыздарға көмектестік. Мында қарт кісілер де болды. Барлығын сыртқа шығарып, 103- ке хабарластым.

Зардап шеккен алты жолаушы қаладағы ауруханаларға жеткізілген. Ақ халаттылар, әсіресе 80-нен асқан кейуананың жағдайы орташа ауыр деп түсіндірді.

Ләйлә Иманғалиева, Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

Жапа шеккен 80 жастағы бір науқас оң жақ қабырғалары сынығы, білек сүйегі сынған. Шұғыл көмек көрсету ауруханасына жатқызылды. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланады. Бес науқасқа да зертхана зерттеулері жүргізіліп, мамандардың тексеруінен кейін шұғыл ауруханаға жатқызу белгілері анықталған жоқ. Олар тұрғылықты жері бойынша бекітілген емханаға, амбулаторлық бақылауға жіберілді.

Полиция департаментінің мәліметінше, автобус жүргізушісі жол ережесін бұзған көрінеді. Қазір олар оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеуді бастап кетті. 

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

Қоғамдық көліктің жүргізушісі жол жүру ережелерінің бірқатар өрескел бұзғаннан жол-көлік оқиғасына әкеп соқтырды. Мән-жайы тергеуде анықталады. Сараптамалар тағайындалды.

Қоғамдық көлік пен тепловоз тізгіндеген жүргізушілер полицияда жауап беріп жатыр. №88 бағыттағы автобус жеке тасымалдаушыға тиесілі . Сол сияқты тепловоз да «Жолашар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің меншігінде екенін «Қазақстан темір жолы» компаниясы мәлімдеді.

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Вчера

Сейчас в эфире
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.