Новости
Портрет недели
Артур Платонов
Контакты
News@ktk-tv.kz
Новости - Мектеп мәзірінде ет пен көкөніске басымдық беріледі
Выпуск от 03.12.2024
Понедельник-пятница, 21:00
Повтор: Вторник-суббота, 12:00
Ежедневный информационный телевизионный продукт с четко отформатированной подачей информации, устоявшейся аудиторией, стабильно высокими рейтингами. В отличие от информационных продуктов других каналов, «Новости КТК» нацелены на интересы своей аудитории.
Журналисты КТК в первую очередь рассказывают о проблемах рядовых казахстанцев: ценах на товары первой необходимости, вопиющих нарушениях закона, коммунальных авариях.
В этом выпуске:
Мектептерде жаңа жылға күштеп ақша жинауға заңмен тыйым салынған. Оқу-ағарту министрі бүгін Үкімет отырысынан кейін ата-аналар қапеліне осы ережені тағы бір еске салды. Бұдан бөлек, жауапты министрлік келесі жылдан бастап оқушыларды дәруменге толы пайдалы ас-ауқатпен қамтимыз деп отыр. Мектеп мәзірі толық жаңартылып, енді оқушыларға ұн тағамдарының орнына ет пен көкөніс қосылған тіскебасар береді.
Жаңа оқу жылынан бастап мектеп оқушылары қантын өкіртіп салған ботқа мен бәліштің орнына, көкөніс жеп, дұрыс тамақтануға көшеді. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім ордаларын жаңа тамақтану стандартына көшіруді ертерек қолға алмасақ, ауру жас талғамай бара жатыр дейді.
Десе де тек көкөніс беріп, балаларды ешкім аш құрсақ қалдырмайды. Ет пен сүт, құнарлы ауқатпен тек қала мектептері ғана емес, үш ауысымда оқитын шалғайдағы барлық білім ордалары қамтылады.
Олжас Бектенов, ҚР премьер-министрі:
— Бүгінгі таңда үш ауысымды оқытатын мектептердің 57 пайызы ауылда орналасқан. Көпшілігі Алматы және Түркістан облыстарында. Апатты мектептердің 76 пайызы ауылдағы елді мекендерде.
Былтыр ғана мектеп оқушыларына зілдей оқулықтың орнына «жаппай планшет ұстатамыз» деген министрлік өз ұсынысын ұмытқандай. Жауапты ведомствоның ендігі бас ауры — мектеп оқулықтарын түгелдей сүзгіден өткізіп, қателерді баспаның мойнына ілу. Министр Ғани Бейсембаевтың айтуынша, жаңа жылдан бастап оқулықтағы олқылықтарға енді мемлекет бюджетінен бір тиын да шығарылмайды.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
— Оқулықтағы қателіктерді болдырмау бағытында баспалар жауапкершілігі заң тұрғысында күшейтілді. Бұдан былай оқулықты басқан баспа қателік жіберсе, онда ол өз қаржысы есебінен қателіктерді жөндеуге міндетті.
Жаңа жыл жақындаған сайын, әдетте мектеп чаттары да жанданып, ақша жинау төңірегінде гу-гу әңгіме көбейеді. Бірақ министр мектеп қабырғасында тиын-тебен жинауға министрлік қаулысы негізінде тыйым салынғанын тағы бір атап өтті. Бірақ ұстазын шағын сыйлықпен өз атынан қуантамын дегеннің олын ешкім қақпайды.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
— Мектепте ешқандай шараға ақша жиналмауы тиіс. Бұған қатысты арнайы шығарылған министрлік қаулысы да бар. Мектеп бітіру кештеріне, жаңажылдық шыршаға қаражат жинап, мерекелік іс-шара өткізуге тыйым салынған. Дегенмен ата-аналар, оқушылар мұғалімдеріне сыйлық беріп қуантқысы келсе, оған регламент негізінде рұқсат етілген.
Популярное
Последние выпуски
В Алматы парня насмерть придавил грузовой лифт
Гибель 21-летнего парня расследуют в Алматы. Трагедия произошла на территории частного склада. Молодого человека придавил ...
Сдерживать цены на социальное жилье пообещали в Кабмине
Подорожает ли недвижимость из-за роста курса доллара, рассказали сегодня в правительстве. Министр промышленности и строительства ...
Тенге укрепился к доллару и евро
Казахстанцы сегодня продолжали пристально следить за курсом валют. Особенно за долларом. В течение дня он ...
В Шымкенте за хищение госсредств осудили чиновников и коммунальщиков
В Шымкенте осудили сразу семерых чиновников и работников коммунального предприятия. Они попались на хищении и ...
100 ям для будущих могил напугали жителей Кокшетау
Кладбищенский скандал разгорелся в Кокшетау. Там похоронщики заблаговременно позаботились о будущих покойниках и… вырыли могилы ...
О массовом отстреле собак в Косшы высказался аким Акмолинской области
Груду трупов собак в канаве на окраине города Косшы близ Астаны прокомментировал аким Акмолинской области. ...
Убили собаку, ставшую звездой Казнета во время паводков
В Атырауской области погибла собака, которая стала настоящим талисманом волонтеров во время паводков. Пшон, так ...
Чужие авто за скот: мужчину подозревают в создании необычной схемы мошенничества
В Карагандинской области задержали мужчину, которого подозревают в создании необычной схемы мошенничества. Житель областного центра ...
Сбор денег в школах на новогодние утренники запрещен, напомнили в Минпросвете
Без денежных сборов и лишних трат. Министр просвещения высказался о проведении школьных торжеств в преддверии ...