Новости
Портрет недели
Артур Платонов
Контакты
News@ktk-tv.kz
Новости - Бүтін бір ауыл мал өлексесі көмілген жерде өмір сүріп жатқанын енді білді
Выпуск от 03.12.2024
Понедельник-пятница, 21:00
Повтор: Вторник-суббота, 12:00
Ежедневный информационный телевизионный продукт с четко отформатированной подачей информации, устоявшейся аудиторией, стабильно высокими рейтингами. В отличие от информационных продуктов других каналов, «Новости КТК» нацелены на интересы своей аудитории.
Журналисты КТК в первую очередь рассказывают о проблемах рядовых казахстанцев: ценах на товары первой необходимости, вопиющих нарушениях закона, коммунальных авариях.
В этом выпуске:
Алматы облысында бүтін бір ауыл тұрғындары мал өлексесі көмілген жерде өмір сүріп жатқанын енді білген. Талдыбұлақтан жер телімін кезінде заңды түрде сатып алған. Құжат рәсімдеуде санитарлық аумақ жайында оларға ешкім тіс жармапты. Қазір баспана салынып, жұрт әбден орнығып алған кезде әкімдіктегілер халыққа бұл маңайдан көшу керектігін айтып отыр. Ал шенділер тұрғындарға мал қорымы жайлы «ескертілген» деп өзіне шаң жуытар емес.
Нұрбол Әбдіжәліл баспанасын шала аяқтап, биыл ғана көшіп кірген. Жер телімін жеті миллион теңгеге сатып алып үй тұрғызыпты. Жайсыз хабарды естіген соң, құрылысы толық бітпеген үйін не істерін білмей отыр.
Нұрбол Әбдіжәліл:
— Алты, жеті миллионнан, алты сотық участокты алдық. Алып болып, үйді салып, енді рақатын көреміз ба деп кірген кезде бір әкім келді де, «жерің, үйің заңсыз, бұзамыз» деді. Әкімдердің айтысы, біріне-бірі сілтеп тұр. Кейбіреуіне, сол алған кезде, сол әкім қол қоймаса, бұл жерді ешқандай бұқара алып сала алмайды. Ешқандай алып сата алмайды. Тозып жүргеніміз мынау, үй деген анау.
Ауыл маңында мал қорымы барын ескертетін бірде-бір тақтайша жоқ. Керісінше, барлық орында «жер сатылады» деген хабарландыру көп.
Ауданы 50 сотық мал қорымы Талдыбұлақ ауылынан бір шақырым жерде орналасқан. Тұрғындар ауыл маңында өлексе көмілетін жердің бар екенін білмеген. Шенеуніктер санитарлық аумақ жайлы күні-бүгінге дейін үндемей келіп, енді үй тұрғызуға рұқсат бермей отыр дейді
Жақыпжан Беков:
— Басында сатылғанда бұның бәрі жақсы, сондай керемет, бұны барлық аудан иелеріне барып тексертіп келді, осы шатақ болмасын деп. «Барлығы болады» деді, әкімшілікте «болады» деді, сонымен біз үй салып тастадық. Үй салып біткеннен кейін, осы бір ай ма, екі айдың көлемінде осындай бәле шығып жатыр. Үй салдырмаймыз деп жатыр.
Бекзат Исабаев:
— Жалға алынған жер болса, түсінемін, алмас едім. Бұл жерде мемлекеттік акті бар, кадастр нөмірі бар. Барлығы заңды болғаннан соң, мен қарызға батып, үйтіп-бүйтіп алдым. Осы жерден бала-шағама, мына мектеп салынып жатыр дегеннен кейін. 120 участок. Міне, енді бізді шырылдатып жатыр.
Дегенмен аудан әкімі «ешкімді күштеп көшірмейміз» деп отыр. Кезінде мұнда мал қорымы барын айтып сотқа да жүгінгенбіз дейді. Бірақ, сот бұл жерге үй салуға болады деген шешім шығарған. Енді бас жоспарды қайта бекітіп, қажет болса, тағы соттаспақшы.
Таңат Айдарбеков, Талғар ауданының әкімі:
— Заңға сәйкес, бас жоспарға сәйкес, санитарлық аймаққа сәйкес, бұл жерлердің мақсатын ауыстыруға келмейді. Дегенмен де жер иесі сотқа беріп, сот шешімін шығарып алған. Ешкімді біз далада қалдырмаймыз. Қазіргі жасалып жатқан бас жоспарға жер телімдерінің бәрін кіргіземіз. Үй құрылысына. Ал мал жерлеу орнын санитарлық аймағы азайған жерге, ол жерді де, халық жерін алса, сатқан жер иелерін сотқа беріп, ақшасын қайтартуға көмектесеміз.
Бір қызығы, қазір ауылда жаңа мектеп салынып жатыр. Бірақ әкімдік тура үйлердің қасындағы құрылыстың «рұқсаты бар» дейді. Айтуынша, өлекселер көмілген жер білім ордасынан алшақ екен. Не де болса, халықтың жылы ұясынан кеткісі жоқ. Олар қорымның жан-жағын жақсылап қоршап, баспанасын бұзбауды сұрайды.
Популярное
Последние выпуски
В Алматы парня насмерть придавил грузовой лифт
Гибель 21-летнего парня расследуют в Алматы. Трагедия произошла на территории частного склада. Молодого человека придавил ...
Сдерживать цены на социальное жилье пообещали в Кабмине
Подорожает ли недвижимость из-за роста курса доллара, рассказали сегодня в правительстве. Министр промышленности и строительства ...
Тенге укрепился к доллару и евро
Казахстанцы сегодня продолжали пристально следить за курсом валют. Особенно за долларом. В течение дня он ...
В Шымкенте за хищение госсредств осудили чиновников и коммунальщиков
В Шымкенте осудили сразу семерых чиновников и работников коммунального предприятия. Они попались на хищении и ...
100 ям для будущих могил напугали жителей Кокшетау
Кладбищенский скандал разгорелся в Кокшетау. Там похоронщики заблаговременно позаботились о будущих покойниках и… вырыли могилы ...
О массовом отстреле собак в Косшы высказался аким Акмолинской области
Груду трупов собак в канаве на окраине города Косшы близ Астаны прокомментировал аким Акмолинской области. ...
Убили собаку, ставшую звездой Казнета во время паводков
В Атырауской области погибла собака, которая стала настоящим талисманом волонтеров во время паводков. Пшон, так ...
Чужие авто за скот: мужчину подозревают в создании необычной схемы мошенничества
В Карагандинской области задержали мужчину, которого подозревают в создании необычной схемы мошенничества. Житель областного центра ...
Сбор денег в школах на новогодние утренники запрещен, напомнили в Минпросвете
Без денежных сборов и лишних трат. Министр просвещения высказался о проведении школьных торжеств в преддверии ...