{metadescription}

Новости

Новости

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Контакты

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Новости - Қарағанды облысы: Жалдаған көлікке қарызға мал алған күдікті ұсталды

Новости - Қарағанды облысы: Жалдаған көлікке қарызға мал алған күдікті ұсталды

Выпуск от 03.12.2024

Понедельник-пятница, 21:00

Повтор: Вторник-суббота, 12:00

Ежедневный информационный телевизионный продукт с четко отформатированной подачей информации, устоявшейся аудиторией, стабильно высокими рейтингами. В отличие от информационных продуктов других каналов, «Новости КТК» нацелены на интересы своей аудитории.

Журналисты КТК в первую очередь рассказывают о проблемах рядовых казахстанцев: ценах на товары первой необходимости, вопиющих нарушениях закона, коммунальных авариях. 

 

В этом выпуске:

Қарағанды облысында елдің малын алаяқтық жолмен қолды қылған күдікті ұсталды. Жергілікті тұрғын Астанадан көліктерді жалға алып, Қарағандыға әкеліп, ауыл тұрғындарынан малдарын қарызға алып, кепілге әлгі көліктерін беріп кетіп отырған. Осылайша ол 15 бас ірі қараны етке өткізіп жіберіпті.

Малын өткізіп ақшасын ала алмаған он адамнан Бұқар жырау ауданының полиция бөліміне арыз түскен. Күдіктіні полиция Қарағандыда туыстарының үйінде жасырынып жатқан жерінен ұстады.

Полиция бөліміне малын қолды қылған Тасауыл тұрғындары күнде келеді. Күдікті де осында. Малды қымбатқа алып, кепілге көлік қойғанға алданғандарын енді білді.

Марияш Тишибаева:

Бишара адамдай қасымызда тұрды, аяп кеттім. Сосын 300 мың дегенде келістік, таң талдым. Оның алдында тағы біреулер келген, 200 мыңға, енді ойлап тұрмын, 200-ге бере салу керек еді. Моральдық-материалдық тұрғыда жапа шектік. Кәрі кісіміз. Ол аздай, өз қолымызбен апарып бердік. 

Тергеу мәліметінше, алғашында күдікті бір үйден малды қолма-қол ақшаға сатып әкеткен. Сенімге кірген соң, кепілге көлік қалдырып, қарызға жаппай мал ала бастаған. 

Әйгерім Сүндет, тергеуші:

Ауыл тұрғындары Жақыпбекованың ақшасын бергенін біледі. Ол «менен 980 мың алған, қайтадан қойып берген» деп отыр. Одан кейін елдерге хабарлама таратады. Күдіктінің сұрауы бойынша. Сосын жұрт келіп малын сатады. Одан кейін ол қайтып бермеген. Қазір он адам зардап шеккені белгілі.

Күдікті тергеу кезінде түсініктеме бермепті. Тағылған айыптармен келіспейді. Айтуынша, сүттен ақ, судан таза, әрекеті азаматтық іс ретінде қаралуы керек.

Данияр Жаңбырбаев, күдікті:

Мені әріптесім алдап кетті. Ақшаны да сол алды. Менде ештеңе жоқ. Ол мені ұрып-соғып, қамап ұстады. Елдің ақшасын қайтарып беретін едім. Мал алған адамдарға қолхат жазып бергенмін. Сондықтан бұл алаяқтық емес, азаматтық құқықтық жағдайда шешілу керек. Мен ешқайда қашқан жоқпын. Туысымның үйінде болдым.

Ал полиция Данияр Жаңбырбаевты туысының үйінде жүктің арасында тығылып жатқан жерінен ұстаған. Жалға алған көлікті кепілге қойғаны аздай, екі жаққа да ақша бермеген. Елге қарызы 4 миллион теңгеден асады.

Мәселен, мына көлікті сонау 250 шақырым жердегі Астанадан айдаладағы Тасауылға айдалып әкелген. Оны иелері көліктегі датчик арқылы тауып келді. Қазір бұл көлік заттай айғақ ретінде Ғабиден Мұстафин аулының полиция бөлімінде тұр.

Ауыл жұрты алданғанын көлікті жалға бергендер дүниесін іздеп келгенде ғана біліп қана арыз жазған. Полиция екі көлікті қолхатпен иесіне қайтарады. Астанадан күдікті жалға алып кеткен тағы бір көлік әлі табылмай жатыр.

Айта кету керек, күдікті бұрын да алаяқтық жасағаны үшін істі болып, 7 жыл түрмеде отырып шыққан көрінеді. Онда да біреудің қымбат көлігін басқаға сатып жіберген.

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Вчера

Сейчас в эфире