{metadescription}

Новости

Новости

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Контакты

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Новости - Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Қара жәшік Бразилияға жіберіледі

Новости - Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Қара жәшік Бразилияға жіберіледі

Выпуск от 30.12.2024

Понедельник-пятница, 21:00

Повтор: Вторник-суббота, 12:00

Ежедневный информационный телевизионный продукт с четко отформатированной подачей информации, устоявшейся аудиторией, стабильно высокими рейтингами. В отличие от информационных продуктов других каналов, «Новости КТК» нацелены на интересы своей аудитории.

Журналисты КТК в первую очередь рассказывают о проблемах рядовых казахстанцев: ценах на товары первой необходимости, вопиющих нарушениях закона, коммунальных авариях. 

 

В этом выпуске:

Ақтау маңында апатқа ұшыраған әуе кемесінің қара жәшігі Бразилияға жіберілетін болды. Мұндай шешім Әзірбайжан және Ресеймен кеңесе отырып, халықаралық Чикаго конвенциясына сай қабылданған. Бразилиядағы Авиация оқиғаларын тергеу орталығы қайғылы жағдайды толық әрі ашық зерттеуге мүмкіндік береді дейді көлік министрлігіндегілер. Ал Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы апатты тергеуге қатысты аралық есеп 30 күн ішінде тапсырылу керек екенін ескертіп отыр.

Ақтау маңында апатқа ұшыраған әуе кемесінің қос қара жәшігі енді ұшақ жасалған елге жіберілмек. Яғни Бразилиядағы Авиация оқиғаларын тергеу орталығында ашылады. Онда қара жәшікті оқуға қажет техника да, зертхана да бар дейді көлік министрлігіндегілер. Әуе апатын зерттеу бойынша комиссия мұндай шешімді Әзірбайжан және Ресей авиация саласының өкілдерімен кеңесе отырып, Чикаго конвенциясына сай қабылдапты.

ҚР Көлік министрлігі:

Қазақстан бұл Конвенцияны 1992 жылы ратификациялады және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) мүшесі болып табылады. Аталмыш құжаттың негізінде, сондай-ақ ИКАО ұсынымдарын ескеріп және Әзербайжан мен Ресейдің авиация билігінің өкілдерімен кеңесе отырып, ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев басқаратын авиация оқиғасын тергеу жөніндегі комиссия бортта өздігінен жазғыштарды (қара жәшіктерді) Embraer әуе кемесін шығарушы Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жіберу туралы шешім қабылдады.

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы апатқа қатысты алдын ала есепті 30 күн ішінде күтіп отыр. Тағы да сол Чикаго конвенциясына сәйкес, аралық есеп бір ай ішінде тапсырылуға тиіс. Сондай-ақ қауымдастық басшысы апатқа қатысты әділ және ашық тергеу жүргізуді талап етті әрі азаматтық ұшақтар әскери операциялардың нысаны болмауы тиіс дейді ол.

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы:

Азаматтық ұшақтар ешқашан әдейі немесе кездейсоқ жағдайда да әскери операциялардың нысаны болмауы тиіс. Azerbaijan Arilines әуе компаниясының 8243 рейсі әскери операция құрбаны болуы ықтимал. Ресей мен Әзірбайжанды қоса алғанда, мұны бірнеше Үкімет көрсетіп берді. Сондықтан мұқият, ашық және бейтарап тергеу өткізу аса маңызды.

Еске салайық, өткен сәрсенбіде Бакуден көкке көтерілген ұшақты Грозный әуежайы қабылдамай, ол Ақтауға бет алған-ды. Каспий теңізі үстінде рейс төтенше жағдайға тап болғаны жөнінде белгі берген. Көп ұзамай, борт Ақтау маңында апатқа ұшырады. Әуе кемесінде 67 адам болған. Оның 38-і көз жұмды. Ал көрер жарығы бар 29 адам тірі қалды. Қаза тапқандардың қатарында алты Қазақстан азаматы бар. Ал тірі қалған үш қырғызстандық бүгін түнде Ақтаудан Бішкекке жеткізілді. Екеуінің денсаулығы қалыпты, ал үшіншісінің жағдайы ауыр. Ол әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Айыр қалпақты ағайын бұл жағдайдың арадағы ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты нығайта түскенін айтып, алғысын жаудыруда.

Алмазбек Асанов, Қырғызстан азаматтық қорғау басқармасының басшысы:

Осы әуе апатынан соң көмек көрсеткен дәрігерлерге, Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментіне үлкен алғыс айтамыз. Құтқару жұмыстарын толық атқарып, зардап шеккен біздің елдің азаматтарына жәрдем бергені үшін ризамыз.

Апатқа бастапқыда «құстар себеп болуы мүмкін» делінген. Кейін ұшақ әуеде соққы алған деген болжам айтыла бастады. Қайғылы жағдайдың нақты себебін анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Вчера

Сейчас в эфире