Новости
Портрет недели
Артур Платонов
Контакты
News@ktk-tv.kz
Новости - 2024 жылдың соңында әлемде бірнеше әуе апаты болды
Выпуск от 30.12.2024
Понедельник-пятница, 21:00
Повтор: Вторник-суббота, 12:00
Ежедневный информационный телевизионный продукт с четко отформатированной подачей информации, устоявшейся аудиторией, стабильно высокими рейтингами. В отличие от информационных продуктов других каналов, «Новости КТК» нацелены на интересы своей аудитории.
Журналисты КТК в первую очередь рассказывают о проблемах рядовых казахстанцев: ценах на товары первой необходимости, вопиющих нарушениях закона, коммунальных авариях.
В этом выпуске:
2024 жылдың аяқталуына жақындағанда әлемде бірнеше әуе апаты болды. Бір тәулікте үш жолаушы ұшағы құлады, апатты жағдайда қонды. Оңтүстік Кореяда әуе кемесі қона берген сәтте дөңгелегі шықпай қалып, бетон қоршауға соғылған. Ұшақ сол мезетте отқа оранып, ішіндегі 179 адам ажал құшты. Қайғылы оқиғадан кейін жергілікті билік бір апта аза тұту күнін жариялады.
Оңтүстік Кореядағы трагедия қазір бүкіл әлем назарында. Boeing 737–800 лайнері Тайландтан ұшып шығып, Сеул маңындағы Муан әуежайына қонуы керек еді. Бірақ әуе кемесі жолаққа дөңгелегімен емес, темірімен түсіп, сырғанаған күйі қоршауға соғылған.
179 адамның өмірі сол мезетте қиылды. Тірі қалған тек екі адам. Періштесі қағып аман қалған жолаушы мен экипаждың бір мүшесі ұшақтың ең артында отырған екен. Қайтыс болғандардың тек екеуі Тайланд азаматы. Қалған 173-і — корейліктер. Әзірге мамандар апатқа екі себеп келтіріп отыр. Бірі — әуеде соқтығысқан құстардың кесірінен десе, екіншісі — қолайсыз ауа райы.
Ал Канадада болған оқиғада жолаушылар іштен түсіріп алған видеода ұшақтың бір қанаты лаулап жанып бара жатқанын көруге болады. Атлант мұхитының үстінен ұшып келген әуе кемесі әуежайға қона берген сәтте, дөңгелегі сыртқа шықпай қалған. Жерге соғылған сол жақ қанатынан өрт шығыпты. Абырой болғанда жолаушылардың бәрін дер кезінде шығарып үлгерген.
Стив Махар, жолаушы:
— Бір сәтте ұшақтың қанаты жерге ұрылғанын сездім. Бір жақ дөңгелегі мүлде шықпай қалды. Біз солға қарай құлдилап жүріп бара жаттық. Содан кейін от шықты.
Норвегияның астанасы Осло қаласынан Амстердамға бағыт алған ұшақ та діттеген жеріне сол күйі жете алмады. Көкке көтерілген сәтте ақау шығып, жақын маңдағы әуежайға қонуға мәжбүр болды. Оның өзінде де жолақтан шығып кетіп әрең тоқтаған. Ешкім зардап шекпеген.
Ақтаудағы, Кореядағы трагедиядан кейін ел-жұрт ұшақтың артқы жағына отыруды жөн санап жүр. Онысы бекер емес. Соңғы әуе апаттарынан тірі қалғандардың басым бөлігі сол құйрық бөлігінде отырғандар. Алайда «ұшақтың артқы жағы ғана қауіпсіз» дегенмен сарапшылар келіспейді.
Әнуар Даянов, SCAT әуекомпаниясы ұшу қызметінің директоры:
— Егер ұшақ ұзын болса, апат кезінде ортасынан бөлініп кетуі мүмкін. Ондай кезде қауіпсіздік белбеуін тағып, арт жағында отырған жолаушылар аман қалады. Ал ұшақ көкке көтеріле берген сәтте қозғалтқышы істен шықса, әуе кемесі жер бетіне құйрық бөлігімен соқтығысады. Ондай кезде ұшақтың алдыңғы бөлігінде отырғандар тірі қалады. Сондықтан адамның аман қалуы ұшақтың жер бетіне қалай соғылғанына байланысты.
«Ұшақтың артқы жағына отырсам, аман қаламын» деген пікір, сонымен қате болды. Себебі, апаттың неден келіп, немен аяқталатынын болжай алмайсың. Түптеп келгенде, қанша жерден сақтанып, орын таңдап отырудан пайда жоқ. Бастысы, қауіпсіздік шараларын сақтап, бортсеріктің айтқанын істеу дейді сарапшылар.
Айта кетейік, негізінде, ең қауіпсіз көлік түрі әуе кемесі болып саналады.
Популярное
Последние выпуски
Новогоднее обращение Касым-Жомарта Токаева к казахстанцам
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа 2025 жылмен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа жылдық құттықтау сөзі ...
Казахстан отправит в Бразилию черные ящики разбившегося самолета
Черные ящики разбившегося в Актау азербайджанского самолета будут расшифровывать в Бразилии. Комиссия по расследованию авиакатастрофы ...
Помимо катастрофы под Актау, за неделю в мире случилось три авиапроисшествия
Меньше чем за неделю в мире произошло сразу четыре крупных авиапроисшествия. Недельный траур объявлен в ...
Гололед привел к коллапсу на трассе в Кызылординской области
Настоящий коллапс случился на республиканской трассе в Кызылординской области. Там прошел ледяной дождь, и дорога ...
Казахстанцев ждут крупные штрафы за запуск салютов в неположенных местах
В праздничные дни казахстанцев ждут крупные штрафы. Почти в 74 тысячи обойдется запуск салютов и ...
Какой наряд выбрать для встречи Нового года: советы стилистов и эзотериков
Год змеи эзотерики призывают встречать в наряде зеленого цвета. Того же оттенка должны быть и ...
Жительница Павлодара впечатлила весь город украшением своего дома
В Павлодаре находится, пожалуй, самый необычный новогодний дом. К празднику его украшают так, что жилище ...
Какие темы были самыми волнующими в Казахстане в 2024 году
Время и деньги – темы, которые заботят людей всегда. Вот и в уходящем 2024 году ...