{metadescription}

Новости

Новости

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Контакты

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Новости - Алматы облысы: Қалың тұманда ақылы жолда 18 көлік бір-біріне соғылған

Новости - Алматы облысы: Қалың тұманда ақылы жолда 18 көлік бір-біріне соғылған

Выпуск от 15.01.2025

Понедельник-пятница, 21:00

Повтор: Вторник-суббота, 12:00

Ежедневный информационный телевизионный продукт с четко отформатированной подачей информации, устоявшейся аудиторией, стабильно высокими рейтингами. В отличие от информационных продуктов других каналов, «Новости КТК» нацелены на интересы своей аудитории.

Журналисты КТК в первую очередь рассказывают о проблемах рядовых казахстанцев: ценах на товары первой необходимости, вопиющих нарушениях закона, коммунальных авариях. 

 

В этом выпуске:

Алматы облысында ірі жол апатынан екі адам зардап шекті. Алматы-Қонаев бағытындағы ақылы жолда 18 көлік бір-біріне соғылған. «Таңертеңгі қалың тұманда көру мүмкіндігі төмен болды» - дейді жүргізушілер. Бірнеше көліктің сау-тамтығы қалмай эвакуаторға тиеп әкетуге тура келді. Жүргізушілер аман қалғанына шүкір еткенімен, шығынның кімнен және қалай өндірілетінін білмей отыр. Ал полиция әзірге сараптама жүргізіп, тергеуге енді кіріскен.

Жол апаты Алматыдан Қонаевқа шыға берісте, таңғы жеті шамасында болды. Қалың тұманда жолды көру нашарлап, көліктер бір-біріне жаппай соғылған. Жүруге жарамай қалғанын бірнеше эвакуатор келіп шетінен тиеп алып кетті.

Ерболат Расылбектің көлігі қатты бүлінген, алдыңғы және артқы бөлігінен сау жері жоқ. Қатты соққыдан қасындағы жолаушысының қасы жарылып, ол ауруханаға жеткізілген.

Ерболат Расылбек:

Бірінші қатар менен басталды. Жол тұман, түк крінбейді. Мен 40 жылдамдықпен келе жатқанмын, апат белгісін қосып, сол кезде артымнан бір машина ұрады. Машина жарамайды деді, үш ай бұрын алғанмын, екі жарым миллионға. Енді машинаны өндіріп бере ме, оны білмеймін,кімге барып, не істейтінімді...

Жүргізушілер апат кезінде таң атып, айнала жарық болса да, қарыс қадам көрінбейтін тұман болды дейді. Соның салдарынан жылдамдықты барынша азайтып, қашықтық сақтауға тырысқанымен, түбі осыған әкелген.

Николай Парфентьев:

Міне, көліктің бампері жоқ. Доңғалақтардың сырты мен капотына, радиаторына дейін құртылды. Енді шамамен бір миллиондай ақша, одан асып түспесе. Білмеймін, қанша уақытқа дейін көліксіз жүреміз. Қас-қағым сәтте болды. Айнала мүлдем көрінбеді.

Абырой болғанда адам шығын жоқ. Бірақ екі адам жарақат алып ауруханаға жеткізіліпті. Ал облыстық полиция негізінен үш бірдей жол апаты болды деп отыр.

Меруерт Морякова, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

Оқиға бойынша тексеріс жүргізілуде. Апаттан бір жолаушы жеңіл дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Өңірлік полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Түс ауа да бұл ақылы жолда әскери техника тағы бір жол апатына себеп болды. Жүк көлігіне тиелген танк ауып кетіп, тәртіп сақшыларының көлігіне соғылған. Адамдар дін-аман. Ал «ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше, апат болған аумақтар жолдың ең жоғарғы техникалық санатына жатады, алты жолағы бар. Дегенмен жүргізушілерге бұл аздық еткен. Сондықтан бүгінгідей қалың тұман кезінде жолда тәртіп сақшылары көбейіп, қозғалысты барынша бақылауы қажет дейді олар.

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Сейчас в эфире