Новости
Портрет недели
Артур Платонов
Контакты
News@ktk-tv.kz
Новости - «Ұятын ояту». Антикор сайтында жемқорлардың тізімі жарияланады
Выпуск от 15.01.2025
Понедельник-пятница, 21:00
Повтор: Вторник-суббота, 12:00
Ежедневный информационный телевизионный продукт с четко отформатированной подачей информации, устоявшейся аудиторией, стабильно высокими рейтингами. В отличие от информационных продуктов других каналов, «Новости КТК» нацелены на интересы своей аудитории.
Журналисты КТК в первую очередь рассказывают о проблемах рядовых казахстанцев: ценах на товары первой необходимости, вопиющих нарушениях закона, коммунальных авариях.
В этом выпуске:
Жемқорлардың жария тізімі жасалатын болды. Параны алған, берген, сот шешімімен кінәлі деп танылғандардың тізімін Антикор сайтынан қарауға мүмкіндік бар. Жемқорлыққа қарсы қызмет осылайша ұятын оятпақ. Сондай-ақ енді пара беруге уәде еткендер мен пара алуға емеурін білдіргендер де жауапқа тартылуға тиіс. Жемқорлыққа қатысты қатаңдатылған заң жобасын бүгін Мәжіліс мақұлдады.
«Жемқорлардың санын қалай азайтамыз» деп жүрген Антикор енді құлқынын ойлай бастаған шенділердің ұятын оятып көрмек. Ол үшін арнайы реестр, яғни парақорлардың ашық тізімі жасалмақ. Оны кез келген адам агенттік сайтынан қарай алады. Тізімде тұрғысы келмегендер ақша аларда немесе берерде ойланар деп үміттенеді Антикор басшылығы.
Ұлан Сарқұлов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары:
— Біз ол реестрді, яғни жемқорлардың жария тізімін жария еткенде оған ешқандай да қаражат жұмсалмайды. Бұл аса ауыр қылмыс жасаған жемқорлардың аты-жөні, кінәсі делелденгеннен кейін ғана жария етіледі. Яғни сот шешімі күшіне енген соң, тізім қоғамды ойландыру мақсатында жазылады.
Басқа амал да қалмаған сыңайлы. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық үдемесе, азаяр емес. Мәселен, өткен жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына 27 мыңнан астам қоңырау түскен. Оның екі мыңға жуығы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлеріне, мың жарымы медициналық қызмет көрсетуге, 940 рет білім беру саласына байланысты хабарласыпты. Осындай мәлімет келтірген Антикор енді параға уәде еткендер мен ақшаны беруге емеурін білдіргендердің өзін жазаламақ. Ол бап бүгін Мәжіліс мақұлдаған заңға енгізілген. Аталмыш норманы талқылаған кезде депутаттар қызды-қыздымен, әкімдерге шүйлікті.
Бақытжан Базарбек, Мәжіліс депутаты:
— Әр қабылданған шешім үшін әкімдер неге қылмыстық жауапқа тартылмайды? Қаншама заңсыз берілген жер, заңсыз құрылысты анықтап жатырмыз. Оның нәтижесімен сотқа шағым беріп жатырмыз. Бұл жер заңсыз берілгені анықталады. Ол жер, әрине, мемлекет меншігіне қайтарылады. Бірақ сол шешімді қабылдаған бірде-бір әкімнің қылмыстық жауапқа тартылғанын көрген жоқпыз.
Мәжілісте бүгін әкімдер ғана емес, былтыр бюджет қаржысын ұрлаудан рекорд орнатқан қарапайым мектеп директорлары мен есепшілері де мысалға келтірілді. Мәселен, Талдықорған қаласы білім бөлімінің басшысы мен екі есепшісі, сондай-ақ 18 мектептің бухгалтерлері мемлекетке 4 млрд 300 миллион теңге залал келтірген. Депутаттар жемқорлықтың алдын алу үшін алдымен құзырлы органдар жолдан таймау керек деп санайды.
Еділ Жаңбыршин, Мәжіліс депутаты:
— Ең бірінші — жемқорлықты құқық қорғау органдары өзінен бастау керек деп есептеймін. Бірінші өздеріңді тазалап алыңдар, өздерің жұмыс істеңдер. Өздерің сол параға итермелемеңдер. Сол кезде бәрі жақсы болады.
Антикор басшысының орынбасары депутаттың бұл сөзімен толық келісті. Құзырлы орган қызметкерлерінің жемқорлық әрекетіне қатысты мәлімет болса, қашан да тексеруге әзірміз дейді ол. Ал жемқорлыққа қатысты заңдағы қатаңдатылған баптарды өзге мемлекеттер әлдеқашан енгізіп қойған. Бұл норма Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан мен басқа да көптеген мемлекеттің заңнамасында бар. Пара ұсыну, уәде ету, пара беруге итермелеу немесе емеурін білдіруді, ақыр аяғы пара беру туралы әңгіменің өзі қатаң жазаланса, тәртіп пен тиісті мәдениет қалыптасады деп сенеді заң авторлары. Ал мұның барлығын пысқырмай, "бармақ басты, көз қыстыға" жол бергендердің есімін енді жариялы тізімнен көре аласыз.
Популярное
Последние выпуски
Захват заложников в Актобе: о состоянии выжившей рассказали врачи
В Актобе пришла в сознание 40-летняя женщина – единственная выжившая после захвата в заложники целой ...
Сразу 18 машин столкнулись на трассе Алматы – Усть-Каменогорск
Массовая авария в Алматинской области. Сразу 18 машин столкнулись на трассе Алматы – Усть-Каменогорск. Пострадали ...
Фура с опасным химикатом опрокинулась в Западном Казахстане
Сотрудников службы радиационно-химической защиты пришлось вызывать на место ДТП в Западно-Казахстанской области. Там фура опрокинулась ...
«Не там вы ищете олигархов»: в Мажилисе призвали изменить подход к проверке мобильных переводов
Искать тех, кто ворует миллиарды, а не изводить налоговыми проверками предпринимателей потребовали депутаты Мажилиса. По ...
Норму о запрете прогрева авто более 5 минут могут дополнить
После волны негодования казахстанцев мажилисмены дополнят норму о запрете прогрева авто более пяти минут. Об ...
Суд по делу об убийстве 19-летнего солдата-срочника начался в Астане
Суд по делу о смерти 19-летнего солдата срочной службы, который погиб от выстрела в лицо ...
Мужчина купил в Шымкенте крупную партию трамадола по поддельным рецептам
В Туркестанской области полиция изъяла крупную партию синтетических наркотиков. 48-летний мужчина пытался провезти почти 2,5 ...
Задыхающихся мальков спасают в Атырауской области
В Атырауской области гибнет рыба, попавшая в небольшие каналы во время весеннего паводка. Малькам не ...
12 человек заразились гепатитом, поев чернику
В Нидерландах 12 человек заразились гепатитом А после того, как поели чернику. Все они приобрели ...