{metadescription}

Новости

Новости

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Контакты

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Новости - Астанада сарбаз М.Барқұловтың өліміне қатысты сот басталды

Новости - Астанада сарбаз М.Барқұловтың өліміне қатысты сот басталды

Выпуск от 15.01.2025

Понедельник-пятница, 21:00

Повтор: Вторник-суббота, 12:00

Ежедневный информационный телевизионный продукт с четко отформатированной подачей информации, устоявшейся аудиторией, стабильно высокими рейтингами. В отличие от информационных продуктов других каналов, «Новости КТК» нацелены на интересы своей аудитории.

Журналисты КТК в первую очередь рассказывают о проблемах рядовых казахстанцев: ценах на товары первой необходимости, вопиющих нарушениях закона, коммунальных авариях. 

 

В этом выпуске:

Елордадағы әскери сотта 19 жастағы сарбаз Марат Барқұловтың өліміне қатысты сот процесі басталды. Ол Маңғыстау облысындағы Оймаша полигонында 7 қыркүйек күні взвод командирі атқан оқтан ажал құшқан. «Макаров» тапаншасынан атылған оқ жас жігіттің тура бетіне қадалыпты.

Айыпталушы орындығында сол қару иесі 22 жастағы Дамир Досов. Ол Ақтау гарнизоны 25-744 әскери бөлімінің зенит-артиллерия взводында қызмет атқарған. Сотта марқұмның ата-анасы Өскеменнен арнайы келген. Отбасыны қолдауға әскерге ұлын аман-сау аттандырып, түрлі жағдайда мүгедек болып қалған өзге ата-аналар да жиналыпты. Судья сот процесін бастан-аяқ түсіруге айыпталушы тараптың өтініші бойынша рұқсат етпеді. Отырыста сөз алған сарбаздың анасы баласы әскерге өз қалауымен, арман жетегінде аттанған еді дейді. Бастапқыда апта сайын хабарласып, жағдайының дұрыс екенін айтқан. Бірақ кейін үйінен ақша сұрауы жиілепті. Мың теңгеден басталған сұраулар, соңында он мыңға дейін өскен. Жәбірленуші тарап бүгін соттың ашық өткенін талап етті.

Ербол Күнтүнов, марқұм сарбаздың әкесі:

Балам ашық-жарқын болды. Біреумен шекісіп, жажалдаспайтын. Қаным қараятыны, неге айыпталушылардың қатарында тек Досов қана, қалғандары қайда? Осы жағдайға жол берген жоғары басшылық өкілдері неге заң алдында жауап бермейді? Балам қайтып келмесе де, жаны жай тапқанын қалаймын. Ішімдегі күйікті, ызаны сөзбен жеткізе алмаймын. Анасы екеуіміз құсадан өлетін болдық.

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Вчера

Сейчас в эфире