{metadescription}

Новости

Новости

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Контакты

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Новости - Қасым-Жомарт Тоқаев: Орынсыз шығынды қысқартып, аяғымызды тартып басуымыз керек

Новости - Қасым-Жомарт Тоқаев: Орынсыз шығынды қысқартып, аяғымызды тартып басуымыз керек

Выпуск от 28.01.2025

Понедельник-пятница, 21:00

Повтор: Вторник-суббота, 12:00

Ежедневный информационный телевизионный продукт с четко отформатированной подачей информации, устоявшейся аудиторией, стабильно высокими рейтингами. В отличие от информационных продуктов других каналов, «Новости КТК» нацелены на интересы своей аудитории.

Журналисты КТК в первую очередь рассказывают о проблемах рядовых казахстанцев: ценах на товары первой необходимости, вопиющих нарушениях закона, коммунальных авариях. 

 

В этом выпуске:

Қосымша құн салығы 12-ден 20 пайызға көтерілуі мүмкін. Президенттің қатысуымен өткен бүгінгі кеңейтілген отырыста премьер-министр Олжас Бектенов есебін Қазақстанда салықтың бұл түрі «әлемдегі ең төменгі мөлшердің бірі» деп бастады. Салық көтерілген жағдайда, Үкімет түрлі жеңілдіктер жасап, еңбекақы төлеу қорына жүктемені азайтуға дайын.

Мемлекет басшысы жаңа салық реформасын қолдады. Премьер-министр мен бірқатар әкімдердің есебін тыңдаған Қасым-Жомарт Тоқаев екінші деңгейлі банктерге де "алмақтың да салмағы бар" екенін ескертті. Бұған дейін мемлекет триллиондап көмек жасаса, ендігі кезек сол банктерде.

Жыл басталғалы Үкімет үйінде президент бастап, Министрлер кабинеті мен әкім-қаралар қоштаған алғашқы бірлескен отырыс өтті. Сол жағалауда таңнан бері қыбыр-қыбыр тіршілік. Жиынды ашқан мемлекет басшысы әріге шегініп, былтыр біраз экономикалық қиындықты еңсергенімізді еске салды. Десе де ол реформа атаулы қабылданғанымен, бизнестің инвестиция белсендігі тым төмен.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Әлемдік тәжірибеге қарасақ, мемлекеттік аппараттың тиімділігі осындай күрделі кезеңде көрінеді. Үкімет қаншалықты қиын болса да, жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсауы керек. Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді. Орынсыз шығынды қысқартып, аяғымызды тартып басуымыз керек.

Бір жыл бұрын қызметіне кіріскенде премьер Олжас Бектеновтің «мәселенің сәнінен гөрі, мәніне баса назар аударып, «нақты іспен айналысамын» деп, президентке берген уәдесі есте. Бүгін ол жылдық есебінде біраз тірліктің басын қайырды. 29 зауыт салынған. 26 млн тоннадан астам астық жиналған. Десе де экономикамызда жетістікті айтып тұрып, аһ ұратын сәттер көп. Бюджетте тапшылық бар. Ал оны толтырудың жолы қосымша құн салығын көтеру деп шешіпті Үкімет.

Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі:

Негізгі салықтық жүктеме еңбекақы қорының үлесіне тиеді, яғни өнімнің өзіндік құнына әсер етеді. Тауар сөреге түспей жатып-ақ, кәсіпкер салықтардың басым бөлігін төлеуге мәжбүр болады. Үкімет еңбекақы қорына түсетін жүктемені төмендетіп, оны сату процесіне ауыстыруды ұсынады. Бұл үшін қосымша құн салығын көтеріп, әлеуметтік салықты және жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы төлемдерін азайту қажет.

Қосымша құн салығын нақты қанша пайызға көтеру жөнінде Үкімет бір тоқтамға келген жоқ. Ең жоғары шек 20 пайызға бірден көтеру әлі талқылауда. Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің сөзінше, қосымша құн салығының мәні бұған дейін оңбай бұрмаланып келген. Үкімет мүшелері салықтың өсуі азық-түлік бағасына, тұрмыс-тіршілікке айтарлықтай әсер етпейді деген сенімде.

Серік Жұманғарин, ҚР Ұлттық экономика министрі:

1995 жылдан 2009 жылға дейін мөлшерлеме 20 пайыздан 12 пайызға төмендетілді. Бұл шаралар салық және инвестиция климатын жақсартуға бағытталды. Біраз уақыт салық жеңілдіктері берілді, бюджтке түсім азайды. Енді теңестіру керекпіз бұл салық түрін. Ал оның өсуі күнделікті тұтынып жүрген тауарлар, әрі кетсе, шамамен 5-6 пайызға қымбаттайды деген болжам жасап отырмыз.

Қыс түссе болды, елді елеңдететін мәселе - жылу станцияларындағы апаттар. Президент мұның елімізге абырой әпермейтінін айтты. Бұған дейін Министрлер кабинеті бюджетке салмақ салып, қала берді жергілікті әкімдіктерді тартып, энергетикалық-коммуналдық саладағы дағдарысты еңсерген. Тек қайта-қайта қаптың бетін аша беру қисынға келмейді. Сондықтан мемлекет басшысы тариф саясатын қайта қарау қажет деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Энергетикалық және коммуналдық нысандардың жұмысын жаңа стандарттарға жедел түрде көшіру керек. Үкімет жаңа тариф саясатын жүзеге асыруды жалғастыруға тиіс. Тарифтер нарық талаптарына сай болмаса, электр энергиясымен, жылумен және сумен үздіксіз қамтамасыз ету мүмкін емес.

Қасым-Жомарт Тоқаев тоқталған тағы бір мәселе әлеуметтік желіде арандатушылық бағытта текке сөйлегендерді жауапқа тарту. Бұл ескертпе депутаттарға да қатысты. Елді мазақтап, Қазақстанға неше түрлі лақап ат қойғыштармен де әңгіме басқаша өрбімек. Бұдан бөлек, екінші деңгейлі банктердің "құлағына алтын сырға" қаржы институттарының мұқым елге көмек беретін кезі келгені айтылды. Банк ресурсы үкіметтік бағдарламаларға, ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысына тартылмақ.

Президент жалпы алғанда өткен жылға "жаман емес" деген баға берді. Десе де ел экономикасын әртараптандыру міндеті тиісті деңгейде орындалмай отыр. Экономика ұлттық қордың қаржысына әлі күнге дейін тәуелді. Сондықтан Тоқаев көрпеге қарай көсіліп, әр тиынды үнемдеп жұмсайтын кез келгенін тағы бір еске салды. Мемлекеттік қызметкерлерге де батыл әрекет етіп, орталыққа телмірмеу керек кезде өздігінше шешім қабылдауға тапсырма берді. Бұл ретте "Антикор ізіме түседі-ау" деген қауіпті ысырып қою керек.

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Сейчас в эфире
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.