{metadescription}

Новости

Новости

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Контакты

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Новости - ҚҚС көтерілгенде халықтың тұрмыс-тіршілігі ескерілуге тиіс

Новости - ҚҚС көтерілгенде халықтың тұрмыс-тіршілігі ескерілуге тиіс

Выпуск от 30.01.2025

Понедельник-пятница, 21:00

Повтор: Вторник-суббота, 12:00

Ежедневный информационный телевизионный продукт с четко отформатированной подачей информации, устоявшейся аудиторией, стабильно высокими рейтингами. В отличие от информационных продуктов других каналов, «Новости КТК» нацелены на интересы своей аудитории.

Журналисты КТК в первую очередь рассказывают о проблемах рядовых казахстанцев: ценах на товары первой необходимости, вопиющих нарушениях закона, коммунальных авариях. 

 

В этом выпуске:

Қосымша құн салығы көтерілген кезде халықтың тұрмыс-тіршілігі ескерілуге тиіс. Сенаторлар Үкіметке осындай талап қойды. Салықтың нақты қанша пайызға көтерілетіні әзірге белгісіз. Жоғарғы палата депутаттары да сарапшылардың қорытындысын күтіп отыр. 

Андрей Лукин, Сенат депутаты:

Бұл мәселе қарастырылып жатыр. Қосымша құн салығы сөзсіз өседі. Бірақ әзірге нақты қаншаға, айта алмаймын. Әрине, Үкімет оны жан-жақты тексеріп, есептейді.  Еліміздің экономикасы да, халқымыздың тұрмыс-тіршілігіне әсері де толық ескеріледі.

Қосымша құн салығының нақты мөлшерлемесі ақпанның 20-на дейін анықталатынын күні кеше вице-премьер Серік Жұманғарин айтқан болатын. Үкімет осы салықтың түрін 12-ден 20 пайызға дейін өсіруді жоспарлап отыр. Егер жаңа салық кодексін Парламент бекітсе, салық салынатын айналымдағы сома да 15 миллион теңгеге дейін түседі.

Сенатта бүгін мобильді аударымдардың жайы да сөз болды. Мемлекеттік кірістер комитеті бақылауға алынатын мобильді аударымның сомасын айына 255 теңгеге белгілеуді ұсынды. Яғни ай сайын бір адамға түскен аударым саны 100-ден асып, үш ай қатарынан қайталанса, банктер салық органдарына тиісті ақпарат жібереді. Бұл мәселені қазір Ұлттық банк салықшылармен және банк қаудастығымен бірге қарастырып жатыр.

Берік Шолпанқұлов, Ұлттық банк төрағасының орынбасары:

Қазір біз Мемлекеттік кірістер комитеті мен қаржы ұйымдары арасында белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Бұл жаңашылдықты атүсті енгізе сала алмайсың. Банктер осы бастаманы техникалық тұрғыда іске асыру жайын қарастыруға кірісті. Егер мақұлдаса, жүзеге асырамыз.

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Вчера

Сейчас в эфире