Новости
Портрет недели
Артур Платонов
Контакты
News@ktk-tv.kz
Новости - «Текке ақша шашу». Алматы метросындағы темір қоршауға жолаушылар қарсы
Выпуск от 30.01.2025
Понедельник-пятница, 21:00
Повтор: Вторник-суббота, 12:00
Ежедневный информационный телевизионный продукт с четко отформатированной подачей информации, устоявшейся аудиторией, стабильно высокими рейтингами. В отличие от информационных продуктов других каналов, «Новости КТК» нацелены на интересы своей аудитории.
Журналисты КТК в первую очередь рассказывают о проблемах рядовых казахстанцев: ценах на товары первой необходимости, вопиющих нарушениях закона, коммунальных авариях.
В этом выпуске:
Алматы метросына қойылып жатқан темір қоршауға жолаушылар қарсы. Көбі мұны «текке ақша шашу» деп есептейді. Өйткені бағасы да арзан емес екен. Қоршаулар былтыр 26 жастағы зағип жолаушы рельске құлап мерт болған соң орнатыла бастаған. Оның үстіне метро басшылығы оны «уақытша шара» деп түсіндіріп отыр. КТК тілшісі жер астына түсіп, қымбат темір қоршауларды көріп қайтты.
Темір қоршауды осы күндері метроның кейбір бекетіне орната бастады. Десе де бұл қоршау платформадан құлап кетуден қаншалықты қорғайтыны түсініксіз. Темірдің ортасы ашық, яғни ересек адам мұны байқағанымен, кішкентай жолаушылар түсіп кетуі әбден мүмкін.
Жауаптылар қоршаулардың вагон арасындағы ашық кеңістікті шектеу үшін уақытша орнатылғанын айтады. Қазір әр платформада үш темірден қойылған. Метрополитендегілер бір-екі күнде оның ортасына әйнек салынады деп сендірді. Жолаушылардың бірі мұндай шешімді қолдаса, енді бірі оның дұрыс жұмыс жасайтынына күмәнмен қарайды. Өйткені пойыз дәл сызыққа тоқтамаған кезде, вагондардың арасы ашық қалып, темір қоршаулар айдалада қалады.
— Қауіпсіздікті қамти алмайды. Себебі, ортаға түспей қалуы мүмкін. Екі вагонның ортасына түсетіне нақты кепіл бере алмпайды.
— Оны кәдімгі мамандар жақсылап ойланып, халыққа, мүмкіндігі шектеулі адамдарға да ыңғайлы жағдайда жасалу керек. Әйнек те дұрыс емес-ау. Себебі мен таңертең сегіздерде Момышұлы станциясынан мінемін, адам көп, бір-бірінің үстіне шығып кетеді.
— Адам өміріне қауіп төнбейтіндей қоршау орнату керек. Әйтпесе, мына жер өте қауіпті. Балалар жүгіріп өтіп кетеді. Сондықтан да қоршау керек деп ойлаймын.
Былтыр 26 жастағы зағип жігіт вагонға мінемін деп, платформадан құлап қаза тапқан болатын.
Айта кетейік, қоршаулар метрополитеннің өз есебінен қойылып жатыр. Бірақ бұл да бір жылдан соң алынады. Метрополитендегілер темірге кеткен қаржыны ашып айтпай отыр. Олар ендігі жылы жаңа жоба дайындап, бюджеттен ақша алмақшы. Жоспар бойынша, жер астындағы бекеттерге шет елдердегідей тұрақты платформа есіктер орнатылады екен.
Әрсен Жангелдин, «Алматы метрополитені» КМК директорының орынбасары:
— Жылжымалы платформа есіктері орнатылады. Біз оны қойғанша, мына темір қоршаулар тұрады. Биіктігі, шамамен бір жарым метр. Яғни есіктер пойыз келгенде автоматты түрде ашылады, платформадан вагон кетіп қалған жағдайда жабылады. Қазір «Қалқаман» мен барлық бекетте құрылыс жүріп жатыр. Ол жобада бірден қоршау орнату қарастырылған.
Сарапшылар стандартқа сай емес бекеттердің кесірінен тағы да адам өлімі болуы мүмкін екенін айтады. Сондықтан мамандар жолаушылар қауіпсіздігін қаматамасыз ету үшін алдын ала қамданған абзал. Яғни қоршаулар, кем дегенде екі метрді құрайтын әрі екі есікті болу қажет дейді.
Арсен Шакуов, автосарапшы:
— Алғашқы күннен бастап маған «метро неліктен халықаралық стандартпен салынбады?» деген сұрақ келді. Яғни платформада қос есік болуы қажет. Ақыр соңында, тек қайғылы жағдайдан кейін ғана қандай да бір шешім қабылданғанын көріп отырмыз. Біз Ресей принципін ұстанған шығармыз. Мәселен, Мәскеу мен Петерборда қоршаулар жоқ. Не болса да шешім шығарылды. Жақын арада заманауи қоршаулар орнатылуы мүмкін.
Алматыда алғаш рет метро бекеті осыдан 14 жыл бұрын пайдалануға берілген. Қазір жерасты көлігінің жолы одан әрі созылып барады. Күніне кем дегенде 100 мыңға жуық жолаушы ары-бері жүріп өтеді.
Популярное
Последние выпуски
После гибели прохожего, на которого упал кирпич, заведено уголовное дело
В Уральске после трагической смерти мужчины на стройке завели уголовное дело. Ему на голову упал ...
Порог мобильных переводов вызывает споры налоговиков и банкиров
Налоговики и банкиры до сих пор так и не договорились о том пороге мобильных переводов, ...
В Алматы в подъезде обнаружили младенца
В Алматы в подъезде двухэтажного дома обнаружили новорожденную девочку. Ребенка нашли жильцы. Шокированные люди тут ...
О росте тарифов на связь в Казахстане высказались в Минцифры
Рост тарифов на связь в Казахстане неизбежен, и на это у операторов есть все основания. ...
В Алматы задерживаются авиарейсы из-за непогоды
В аэропорту Алматы сегодня снова задерживают и отменяют рейсы. Город уже несколько часов заваливает снегом. Осадки ...
В Алматы бурно обсуждают новые ограждения в метро
В Алматы не утихают споры вокруг новых ограждений, которые появились на платформах метрополитена. Перегородки начали ...
Футболисты «Кайрата» подрались с соперниками на матче в Турции
Игроки футбольного клуба «Кайрат» стали участниками массовой драки в Турции. Потасовка произошла прямо на поле ...
Столкновение самолета и вертолета в США: из воды извлекли больше 30 тел
Мир сегодня шокирован авиакатастрофой в США. Самолет, на борту которого находились 64 человека, рухнул в ...
В Японии пытаются вытащить водителя, провалившегося на фуре в яму
В Японии третий день пытаются спасти водителя, который провалился на фуре в яму. Состояние дальнобойщика ...