{metadescription}

Новости

Новости

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Контакты

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Новости - Көктемде мыңнан аса ауыл тасқын суда қалуы мүмкін

Новости - Көктемде мыңнан аса ауыл тасқын суда қалуы мүмкін

Выпуск от 31.01.2025

Понедельник-пятница, 21:00

Повтор: Вторник-суббота, 12:00

Ежедневный информационный телевизионный продукт с четко отформатированной подачей информации, устоявшейся аудиторией, стабильно высокими рейтингами. В отличие от информационных продуктов других каналов, «Новости КТК» нацелены на интересы своей аудитории.

Журналисты КТК в первую очередь рассказывают о проблемах рядовых казахстанцев: ценах на товары первой необходимости, вопиющих нарушениях закона, коммунальных авариях. 

 

В этом выпуске:

Алдағы көктемде мыңнан аса ауыл қарғын судың астында қалуы мүмкін. Биыл қардың шамадан тыс жауғанын айтып сенаторлардың алдында есеп берген төтенше жағдайлар министрі су тасқының алдын алу үшін қазірден қамданып жатқанын жеткізді. Шыңғыс Әріновтің айтуынша, оқыс жағдай болып қалмаса, апаттың бетін қайтаруға қауқары жетеді.

Шыңғыс Әрінов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

Жалпы өңірлерде 1400 су тасқынына қарсы іс-шара іске асырылды. Мысалы, елді мекендерді қорғау үшін 576 км қорғаныш бөгеті мен біліктер салынды. 164 км дренаж жүйесі жөнделді және салынды. 960 автомобиль және темір жол астына су өткізу құрылыстары орнатылып, ауыстырылды.

Дегенмен жаман айтпай жақсы жоқ, былтырғы апаттан аузы күйген төтеншеліктер Tasqyn жүйесін тексерістен қайта-қайта өткізуде. Апатты болжайтын жүйе өзен-көлдердің арнасынан қаншалықты асатынынын алдын ала болжауға мүмкінді береді екен.

Ал сенаторлар Шыңғыс Әріновке «Қазгидромет» болжамына да құлақ асуға кеңес берді. Себебі, былтыр да синоптиктер қаңтар-ақпан айларынан бастап, күн райының күрт жылынып, қардың ерте еритінін айтып дабыл қаққан. Алайда, дер кезінде жасалмаған әрекет бәрін еш кетірді дейді депутаттар.

Бибігүл Жексенбай, Сенат депутаты:

«Қазгидромет» мәліметтеріне, деректеріне Үкімет мүшелері толық назар аудармайды. Былтыр да «Казгидромет» бірнеше рет болжам жасады. Бірақ ешкім болжамға назар аудармай, қиын жағдай қалыптасқаны белгілі. Енді биыл әр болжамға дұрыс назар аударылады деген сенімдеміз.

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Вчера

Сейчас в эфире