Новости
Портрет недели
Артур Платонов
Контакты
News@ktk-tv.kz
Новости - «Өмір бойына ...» Алина Серікованы қорлап, өзіне қол салуға итермелеген қылмыскерлер сотталды
Выпуск от 31.01.2025
Понедельник-пятница, 21:00
Повтор: Вторник-суббота, 12:00
Ежедневный информационный телевизионный продукт с четко отформатированной подачей информации, устоявшейся аудиторией, стабильно высокими рейтингами. В отличие от информационных продуктов других каналов, «Новости КТК» нацелены на интересы своей аудитории.
Журналисты КТК в первую очередь рассказывают о проблемах рядовых казахстанцев: ценах на товары первой необходимости, вопиющих нарушениях закона, коммунальных авариях.
В этом выпуске:
Маңғыстауда фитнес-жаттықтырушы Алина Серікованы қорлап, өз-өзіне қол салуға итермелегені үшін қылмыскерлердің бірі өмір бойына бас бостандығынан айрылды. Қалған төрт айыпталушыға 13-16 жыл аралығында жаза тағайындалған. Марқұмның туыстары ауданаралық сот үкімі күші жойылғанда, көңілі орнына түсті.
Маңғыстау облысы сотында фитнес-тренер Алина Серікованың өліміне қатысты апелляциялық отырысқа марқұмның туыстары мен жақындары келді. Олар қаскөйлер «жеңіл құтылды» деумен болған. Бірақ бүгін бес сотталушыға қатысты үкім өзгертіліп, жаза ауырлады.
Сот алқасы марқұм Алина Серікованың өліміне қатысты қылмыстық іс материалдарын қайта зерделеп, негізгі фигурант Нұргелді Сейтқалиев өмір-бақи бас бостандығынан айрылды. Алғашқы үкім бойынша ол 20 жылға сотталған болатын. Ал оған көмектескен төрт сыбайласы 13-16 жылға абақтыға аттанды. Бұған дейін ауданаралық сот ол төртеуіне 7- 8 жарым жыл берген.
Нұрсапа Пірімашев, Маңғыстау облысы соты, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:
— Апелляциялық сот алқасы үкім етті. Маңғыстау облысы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылы 19 желтоқсандағы Сейітқалиев Нұргелді Мұратұлына, Аманқос Еркебұлан Талғатұлына, Аралбай Мерей Асанұлына, Үсенғалиев Жалғас Қуанышұлына, Құлбас Дархан Төлегенұлына қатысты үкімінің күші жойылсын. Іс бойынша жаңа айыптау үкімі шығарылсын. Жазаны толық қосу жолымен Сейітқалиевтің түпкілікті өтеуіне өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.
Жазықсыз мерт болған арудың туыстары бүгінгі сот шешімінің әділ шыққанын айтып, еріксіз көзіне жас алды.
Бауыржан Жолжан, Алинаның інісі:
— Ең бастысы, осы жүрген жүрісіміз, жасаған істеріміздің барлығы ақталды деп ойлаймын. Мұның барлығымен апамызды алып келе алмаймыз. Бірақ сонда да апамның тірі кезінде барлығында соттаймыз, барлығының түбіне жетеміз деген сөзімде тұрдым деп ойлаймын. Барша қолдап келген тумалыстарға, халыққа мың алғыс. Аллах барлығыңызға берекет берсін. Барлығымыздың арқамызда осы шешім шықты деп ойлаймын.
Әсия Тегісбаева, марқұмның жеңгесі:
— Бүгінге дейін ішімізде үлкен бір сұрақ тұрды. Біздің елімізде сонда әділеттілік жоқ па, біздің болашағымыз не болмақдеген. Бүгінгі сотта ішіне кірдім ғой, оқыған кезде жүрегіміз тынышталып қалды. Қазақстанда заң бар екен, біздің құқықтарымыз қорғалады екен деген жеңілдік сезімі пайда болып тұр.
Еске салсақ, былтыр 14 мамыр күні жаттығу залынан шығып үйіне қайтып бара жатқан фитнес-жаттықтырушыны бір топ ер адам күштеп көлікке отырғызып алып ұрып-соққан. Мефедрон қабылдауға мәжбүрлеп, есеңгіреген күйде зорлаған.Сосын оған 2 млн теңге несие алғызып, «болған оқиғаны айтсаң, жақындарыңды өлтіремін» деп қорқытқан. Болған жәйтті құрбысына бүкпесіз баяндап берген марқұм, үш күн өткен соң тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап қаза тапты. Айдың-күннің аманында аядай ғана Ақтау шаһарында осындай қылмыстың болғанын естіген жұрт жағасын ұстады.
Сот алқасы кескен үкім заңды күшіне енді. Сотталушылардан ортақтасқан түрде жәбірленушінің пайдасына 19 618 мың теңге материалдық шығын және 30 миллион тенге моральдық шығын өндірілді.
Популярное
Последние выпуски
Пятерым мужчинам, истязавшим женщину в Актау, изменили приговор
В Актау сегодня вынесли решение по громкому делу о гибели спортсменки. 29-летняя Алина Серикова покончила ...
Новый критерий для проверки мобильных переводов предложили в Минфине
Миллион и выше. Новый критерий для проверки мобильных переводов могут ввести в Казахстане. О таком ...
В Алматы задержали мать, бросившую младенца в подъезде дома
В Алматы задержали мать, которая оставила новорожденную девочку в подъезде двухэтажного дома. Ребенка бросили у ...
Спецсчета казахстанских детей пополнили на 129,38 доллара
По 129 долларов и 38 центов получили казахстанские дети в нынешнем году. В этот раз ...
О подготовке к паводкам рассказал министр по ЧС
Больше тысячи населенных пунктов Казахстана находятся в зоне риска подтоплений. Речь идет как о селах, ...
ОПГ воров и вымогателей задержали в Астане
Банду воров и вымогателей задержали в столице. Полицейские подозревают арестованных в совершении нескольких тяжких преступлений. ...
В Туркестанской области обрушилась башня Акбикеш: местные винят реставраторов
В Туркестанской области обрушилась легендарная башня Акбикеш. Историческое сооружение XIII века на вершине горы Каратау ...
Бешбармак и наурыз-коже появятся в меню военнослужащих
Бешбармаком, сырне и бауырсаками намерены поднимать боевой дух военнослужащих Национальной гвардии. Меню с блюдами национальной ...
В Казахстане подорожали услуги парикмахеров
Казахстанцам стало дороже стричься. За год цены на услуги парикмахеров выросли на 11,5%. Такие данные ...