{metadescription}

Новости

Новости

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Контакты

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Новости - Түркістан облысы: Соқтығысқан екі көлік өртеніп, алты адам мерт болды

Новости - Түркістан облысы: Соқтығысқан екі көлік өртеніп, алты адам мерт болды

Выпуск от 03.02.2025

Понедельник-пятница, 21:00

Повтор: Вторник-суббота, 12:00

Ежедневный информационный телевизионный продукт с четко отформатированной подачей информации, устоявшейся аудиторией, стабильно высокими рейтингами. В отличие от информационных продуктов других каналов, «Новости КТК» нацелены на интересы своей аудитории.

Журналисты КТК в первую очередь рассказывают о проблемах рядовых казахстанцев: ценах на товары первой необходимости, вопиющих нарушениях закона, коммунальных авариях. 

 

В этом выпуске:

Түркістан облысында екі көлік соқтығысып, өртеніп кетті. Қызыл жалынға оранған машинадан жолаушылар сыртқа шығып үлгермей қалған. Алты адамның өмірін қиған апат Кентау қаласының шыға берісінде болды.

Апатқа ұшыраған қос «Ауди» Кентау мен Түркістан арасындағы жолда бетпе-бет соғысқан. Көліктің біреуіне газ қондырғысы қойылған екен. Қатты соққыдан екі машина да өртеніп, алты адам сол жерде көз жұмды. Жолда жазым болғандардың ішінде балалар мен жүкті келіншек бар. Қаза болғандардың барлығы Кентау мен Түркістан қаласының тұрғындары. Бір ажалдан аман қалған төрт жолаушы Кентау қаласының ауруханасына жеткізілді. Бәрінің жағдайы ауыр дейді дәрігерлер.

Асқар Жұмбеков, Кентау орталық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

Орталық аурухананың қабылдау бөліміне жедел жәрдем бригадасымен төрт науқасты алып келді. Үшеуінің жалпы жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Бір науқас травматология бөлімінде. Медициналық көмек дер кезінде көрсетілді, емдеп жатырмыз.

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Вчера

Сейчас в эфире