{metadescription}

Новости

Новости

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Контакты

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Новости - «Жолаушы тасымалы». Автотасымалдаушылар палатасы құрылмайтын болды

Новости - «Жолаушы тасымалы». Автотасымалдаушылар палатасы құрылмайтын болды

Выпуск от 03.02.2025

Понедельник-пятница, 21:00

Повтор: Вторник-суббота, 12:00

Ежедневный информационный телевизионный продукт с четко отформатированной подачей информации, устоявшейся аудиторией, стабильно высокими рейтингами. В отличие от информационных продуктов других каналов, «Новости КТК» нацелены на интересы своей аудитории.

Журналисты КТК в первую очередь рассказывают о проблемах рядовых казахстанцев: ценах на товары первой необходимости, вопиющих нарушениях закона, коммунальных авариях. 

 

В этом выпуске:

Елімізде жолаушы тасымалы саласында өзін-өзі реттейтін ұйым Автотасымалдаушылар палатасы құрылмайтын болды. Жаңа заң қабылданған жағдайда әр таксист өзін-өзі реттеу ұйымына мүше болып, ай сайын жарна төлеуге міндеттелер еді. Күн сайын шай-пұлын осы такси арқылы тауып отырғандардың базынасын мәжілісмендер жауапты министрліктерге жеткізіп, бұл талап заңға енгізілмей қалды. Міндетті төлемнің енгізілуі жолаушы тасымалдау қызметінің қымбаттауына әкелетін еді дейді депутаттар.

Тәулік бойы тыным таппай жолаушы тасымалдайтын таксистер мен автобус тізгіншілерін тезге саламыз деген жауапты министрлік өкілдерінің дегені болмай қалды. Тыңнан түрен салып, өз тілінде «СРО құрамыз» деген жауапты ведомствоның идеясына депутаттардан бастап, таксистердің бәрі қарсы болды. Себебі, ереже қабылданса, әр таксиші өзін өзі реттеу ұйымына мүше болып, ай сайын жарна төлеуге міндеттелетін еді.

Нартай Сәрсенғалиев Мәжіліс депутаты:

Өзін-өзі реттеу ұйымы қаншалықты қажет екеніне күмән келтіріп жатқанымыз, бұл халықтың, ел мүддесі үшін. Сіздер айтып жатырсыздар, мобильді қосымшалардың пайызын төмендетудің мүмкіндігі жоқ, оны тексеру мүмкіндігі жоқ дейсіздер. Егер түгел мүддесі бар, мүмкіндігі бар, уәкілетті органдар бұл мәселені шеше алмайтын болса, жекелеген компаниялар, СРО-лар қалай шешпек?

«Таксистердің қалтасына түсіп, қосымша құн алу қателік» деген депутаттардың уәжіне құлақ асқан көлік министрлігі бірінші оқылымнан өтіп қойған заңды кері қайтарды. Ал темір тұлпарын бес минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұл төңірегіндегі дауға әлі нүкте қойылар емес.

Бақытжан Базарбек, Мәжіліс депутаты:

Жалпы мен сіздерге бір шындықты айтайын, заңда бес минуттық қыздыру туралы мүлдем әңгіме жоқ. Қызбаған машинамен жүрсең, машинаңның тас-талқаны шығады. Ол айдан-анық нәрсе ғой. Меніңше, осы норманы дұрыс түсіндірмеген, халықты өре түрегелткені үшін ішкі істер министрлігі жауап беруі керек.

Ал ішкі істер министрлінің өкілдері мәселеге қатысты бар жауапкершілікті мойнына алудан қашқақтайды. Вице-министр Игорь Лепеха заңды бастан-аяқ қарап шығып, жұртқа құжатты депутаттардың өзі дұрыс тәпсірлемеген деп отыр.

Игорь Лепеха, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

Бұл тақырыпты көтеріп жүрген талайлар хайп қуып жүр. Негізі құжатты мұқият қарадым, көлікті бес минут оталдыру туралы сөз жоқ. Тек үлкен жүк көлігі, мысалы «Газельді» алсақ, тұрғындардың ұйқысына кедергі келтіріп, балаларды өз гүрілімен оятса, айыппұл салынады делінген.

Көлікті бес минуттан артық оталдыру тақырыбында жер-жерде түрлі мемдер шығып жатыр. Көршісінің қанша уақыт машинасын қыздырғанын телефонына түсіген көршілер де араздасып соттасуға дейін барып жатыр. Сондықтан депутаттар айыппұлдың бұл түріне тұсау салмасақ, көліктің де тас-талқаны шығады, жұрт та бір-бірімен көріспестей болады деп отыр. Ішкі істер министрлігі заңдағы норманы өзгертуді осы аптада қолға алуға уәде етті.

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Вчера

Сейчас в эфире