{metadescription}

Новости

Новости

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Контакты

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Новости - Азиада: Фристайлдан Олимпиада чемпиондарын ұтып, Азия рекордын жаңарттық

Новости - Азиада: Фристайлдан Олимпиада чемпиондарын ұтып, Азия рекордын жаңарттық

Выпуск от 11.02.2025

Понедельник-пятница, 21:00

Повтор: Вторник-суббота, 12:00

Ежедневный информационный телевизионный продукт с четко отформатированной подачей информации, устоявшейся аудиторией, стабильно высокими рейтингами. В отличие от информационных продуктов других каналов, «Новости КТК» нацелены на интересы своей аудитории.

Журналисты КТК в первую очередь рассказывают о проблемах рядовых казахстанцев: ценах на товары первой необходимости, вопиющих нарушениях закона, коммунальных авариях. 

 

В этом выпуске:

Қытайдың Харбин қаласындағы Қысқы Азия ойындарында ел қоржынына тағы екі алтын түсті. Қазақстандық фристайлшылар жоғары ұпаймен Олимпиада чемпиондарын ұтып, Азия рекордын жаңартты. Биатлоншылар да спринт сайысында үздік нәтижемен бір алтын, бір күміс медаль алды.

Бүгін, Азиада ойындарының бесінші күні елімізге сәтті басталды. Өйткені Қазақстан қоржынына тағы төрт жүлде түсті. Алдымен фристайл-акробатикадан Аян Жолдас пен Аруна Маханова қола жүлдені иемденсе, іле-шала Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов жұбы керемет нәтиже көрсетіп, Қазақстанға алтын медаль сыйлады.

Бұл жеңіс фристайл-акробатика тарихындағы маңызды жетістік. Отандастарымыз 97, 92 ұпаймен қытайларды артқа тастады. Ал үшінші алтын медальді Қазақстан ерлер құрамасы биатлоннан жеңіп алды. Владислав Киреев жарыс жолын 29 минут 47 секундта бағындырып чемпион атанды. Кейін Вадим Куралес мәре сызығын кесіп, күміс жүлдеге ие болды.

Владислав Киреев, IХ Қысқы Азия ойындарының жеңімпазы:

Мен бәрін қатесіз орындадым деп айта аламын. Жатып ату кезінде бір қателік болды. Нысананы көздеу, жел тұрғандықтан, кедергі жасады. Кейін тұрып атар кезде күн шығып, көздеп атудан мүлт кетпедім. Алға Қазақстан!

Азия ойындарында еліміз 13 медальмен төртінші орында тұр. Жүлделердің үшеуі алтын, алтауы күміс, төртеуі қола. Көш басында Қытай, екінші орында Оңтүстік Корея тұр. Ұздік үштікті Жапония түйіндеген.

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Вчера

Сейчас в эфире
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.